freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кезек Кубаға келді ме? Трамп елдің билігін ауыстыруды көздеп отыр

Әлем
Кезек Кубаға келді ме? Трамп елдің билігін ауыстыруды көздеп отыр
AP Photo / Evan Vucci

Дональд Трамп Куба билігінің ауыстыруды жоспарлап отыр, алайда ол мұны Венесуэла мен Иран жағдайындағыдай тәсілдермен емес, басқа әдістер арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Бұл туралы ақпараттандырылған дереккөздерге сілтеме жасап Блумберг агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, АҚШ президенті арал мемлекеті – Кубаны қаржылық тұрғыдан Вашингтонға тәуелді етуді жоспарлап отыр. Яғни, бір кездері Куба экономикасын 1991 жылы ыдырағанға дейін қолдап келген Кеңес Одағының рөлін іс жүзінде АҚШ атқаруы мүмкін.

Сонымен қатар, Дональд Трамп пен оның негізгі одақтастары Куба басшысы – президент Мигель Диас-Канельді қызметінен кетіруді әлі де көздеп отыр. Басылымда Куба әскери басып кіруден де қауіптенуі мүмкін екені айтылған.

Осы уақытта Гаванадағы үкімет алдағы күндері бірқатар тұтқынды босатуға уәде берді. Бұл қадам АҚШ тарапынан күшейіп келе жатқан қысымға жауап болуы мүмкін деп болжануда. Куба Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде бұл шешім «ізгі ниет рухына, сондай-ақ Куба мемлекеті мен Ватикан арасындағы тығыз әрі қиындықсыз қарым-қатынастарға сәйкес» қабылданғаны айтылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу