freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Иранның басты мұнай терминалы орналасқан Харк аралына соққы жасады

Әлем
АҚШ Иранның басты мұнай терминалы орналасқан Харк аралына соққы жасады
Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto/picture alliancе

Дональд Трамп АҚШ әскері Харк Айленд аралындағы әскери нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл арал арқылы Иран мұнайының шамамен 90 пайызы экспортталады.

Операцияны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы жүргізген. Трамптың айтуынша, бұл Таяу Шығыс тарихындағы ең қуатты бомбалаулардың бірі болған және аралдағы барлық әскери нысандар толық жойылған.

Сонымен қатар АҚШ президенті Иранның негізгі мұнай инфрақұрылымы әдейі нысанаға алынбағанын айтты. Оның сөзінше, бұл «әдептілік үшін қабылданған шешім».

Трамп егер Ормуз арқылы кемелердің еркін әрі қауіпсіз жүруіне кедергі жасалса, бұл шешім қайта қаралуы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ ол Иранның ядролық қаруға ие болуына жол берілмейтінін мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу