freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Блогер Жанабыловтар ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр

Құқық
Блогер Жанабыловтар ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр
Orda.kz

Астанада блогерлер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды. Істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділбек Баймаханов қарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.      

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын және іс материалдары сотқа жолданғанын хабарлаған.

Оларға тағылған айып бойынша, ҚР ҚК 214-бабы 2-бөлігі (Заңсыз кәсіпкерлік) заңсыз банктік/микроқаржылық қызмет немесе қылмыстық топ жасаған немесе ірі залал келтірген лицензияны талап ететін өзге де қызмет үшін жауаптылықты көздейді. Мүлкі тәркіленіп, айыппұлға, қоғамдық жұмыстарға тартуға, бас бостандығын шектеуге немесе айыруға жазаланады.

Екінші айып Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы. Бұл бап қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) қатысты. Яғни, халық арасында көбіне «ақшаны жылыстату» деп аталады.

Еске салайық, тергеу нұсқасы бойынша Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова әлеуметтік желілерде жүлде ұтыстарын өткізіп, оқыту курстарын сатқан. Бұған дейін олар үйқамаққа алынған. Жанабыловтарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әділбек Баймаханов қарайды.

Отбасы жұбайы сот залында өздерінің бейнелерін жариялауға тыйым салуды өтінді. Судья өтінішті қанағаттандырды. Дегенмен сот процесін ашық форматта өткізу туралы шешім қабылданды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу