freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футболдан Қазақстан кубогі 1/16 финал ойындарының күндері белгілі болды

Спорт
Футболдан Қазақстан кубогі 1/16 финал ойындарының күндері белгілі болды
Фото: Kffleague.kz

Футболдан Қазақстан кубогы 2026 жылғы маусымының 1/16 финал кезеңінің матчтары 8-9 сәуір күндері өтетін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл турнир дәл осы кезеңнен басталады. Сондай-ақ жарысқа әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатысу мүмкіндігіне ие болды.

8 сәуірде өтетін ойындар:

Талас – Қайсар

Ансат – Тобыл

Академия Оңтүстік – Ордабасы

Жайық – Қайрат

БКС – Астана

Жас Қыран – Атырау

Қаршыға – Жетісу

Тұран – Елімай

9 сәуірде өтетін ойындар:

SD Family – Ертіс

Zhelaev Nan – Алтай

Хромтау – Жеңіс

Арыс – Ақтөбе

Екібастұз – Каспий

Шахтер – Оқжетпес

Хан Тәңірі – Қызылжар

Тараз – Ұлытау

Айта кетейік, Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін кубокты 15 команда жеңіп алған. Ең көп жеңіске жеткен клуб – Қайрат (10 рет).

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу