freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты

Оқиға
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
НПК

Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz  Ақордаға сілтеп.      

Ол бұған дейін Ұлттық Банктің цифрлық қызмет саласын басқарған және «Цифрлық теңге» жобасын дамытуға үлес қосқан мамандардың бірі. Бинұр Жәленовтің  Қаржы технологиялары, төлем жүйелері және цифрлық валюталар саласында мол тәжірибесі бар.

Ол Ұлттық Банкте цифрлық инфрақұрылымды және инновациялық жобаларды дамытуға жауапты болды. Бұл тағайындау Ұлттық Банктің цифрлық трансформациялану және заманауи қаржы технологияларын енгізу саясатының жалғасы. 

Бұл орын 2026 жылғы 20 ақпанда Берік Шолпанқұлов өз еркімен қызметінен кеткеннен кейін бос тұрған болатын. Шолпанқұлов мырза Ұлттық Банкте 2021 жылдан бері еңбек етіп, оған дейін қаржы вице-министрі лауазымын атқарған.

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы 4 наурызда туған. Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастаған. 

2021 жылдың 5 сәуірінен бастап 2026 жылғы 20 ақпанға дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу