freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы мектепте шабуыл: жоғары сынып оқушысы қызды пышақтады

Оқиға
Атыраудағы мектепте шабуыл: жоғары сынып оқушысы қызды пышақтады
Фото: ІІМ

Атырауда жоғары сынып оқушысы 12 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары сынып оқушысы оқу орнының дәлізінде 12 жастағы оқушы қызға пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан қыз бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған. Ол облыстық балалар ауруханасының травмпунктіне жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Зардап шеккен қызға дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілген. Алғашқы тексеру мен шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін ол әрі қарай бақылау және ем алу үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты деп бағалануда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу