Танымал әнші әрі актриса, “КешYOU” тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Абайқызы қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
Өнер иесі RevueNews-қа берген сұхбатында жақында екінші рет тұрмыс құратынын жеткізді.
“Менің басым бос емес. Жүрегімді жаулаған серінің кім екенін жарты жылдан кейін сұраңыздар. Сол кезде тойыма шақырамын”, – деді ол.
Күні кеше актриса басты рөлді сомдаған “Соңғы махаббат” фильмінің жабық көрсетілімі өткен еді. Әнші әңгіме барысында сүйіктісінің де сол жақта жүргенін ашық айтты. Сондай-ақ өнер иесінің сөзіне қарағанда, болашақ жарының өнерге қатысы жоқ.
Айта кетейік, Ақбота-Нұр Абайқызы мен актер Дәурен Айдарқұлов 2017 жылы шаңырақ көтерген еді. Алайда 2020 жылы ажырасып кеткен. Қазір олардың бір ұлы бар.