Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай көшелерінде көліктің ішінде отырып ән шырқаған видеосымен көптің назарына ілікті. Желіде тараған кадрлар түрлі пікір туғызып, жұрт «Дубайда қазір қауіпсіз бе?» деген сауалды да жиі қоя бастады, деп хабарлайды Malim.kz.
Sn.kz айтуынша, желіге шыққан бейнежазбада Әдемі Тұрсынбекқызы Бурдж-Халифа маңымен көлікпен өтіп бара жатып, жолай аялдаған сәтінде “16 қыз” әнін орындайды. Ақпаратқа қарағанда, видеоны ол өзі жүктеген.
Бейне сипаттамасында: “16 қыз - Айым Аманғали”, – деп жазып қалдырған. Жазбаға пікір білдіргендер түрліше ой айтқан: «Әкесі мен анасының өнері дарыған», «Дауысың қандай керемет!», «Дубайда тыныш па екен?», "Аман бол, сұлу қыз!", «Ақылды екені көрініп тұр», "Сана биігіндегі қыз" деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, соңғы күндері Таяу Шығыстағы ахуал ушығып, халықаралық БАҚ Иранның жауап соққылары аясында Парсы шығанағындағы бірқатар елдерде, соның ішінде БАӘ аумағында да жарылыстар тіркелгенін хабарлады. Сондай-ақ кей жерлерге зымыран мен дрон қалдықтары құлағаны, қауіпсіздік шаралары күшейіп, Дубай бағытындағы әуе қатынасына уақытша шектеулер енгізілгені туралы ақпараттар шықты.