«Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова келінінің үйсіз қалғаны туралы пікір білдірді

Ол өзін және ұлы Қайрат Нұртасты үнсіз отыр деп айыптағандарға жауап берді

Сабина Асқарқызы

  • 18.12.2024

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тұңғыш келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтерінің айналасында туындаған дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz
Ол өзін және ұлы Қайрат Нұртасты үнсіз отыр деп айыптағандарға жауап берді.
Айдарбекова Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирі кезінде осы сұраққа да жауап берген.

«Алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзі де кішкене көріп жатыр. Өз қателігін мойнымен көтеріп, ол да тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайшылықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше күн, неше түн ұйықтамай, концерт беріп, дизайнермен жөндеу жасап, жиһазын алып берген үй ғой. Кішкене көрсін. Қайраттың бала-шағасы үйсіз қалмайды. Жұлдыз да үйсіз қалмайды. Бірақ арасына уақыт керек. Үй алу оңай емес. Ол да қымбат үй болды. Мен үйімнен айырылып қалсам, ертең барып ала салатын оңай дүние емес. Оның артында Қайраттың еңбегі тұр. Қайрат да адам. Сол үшін артық сөздің керегі жоқ», - деді Айдарбекова.

Сонымен қатар ол Қайраттың өз отбасын толық қамтамасыз етіп отырғанын және үй алудың оңай еместігін алға тартты. Әрі қымбат үйде өмір сүріп үйренген адам арзанына келіспейтінін де қоса кетті.

«Сіздер уайымдамай-ақ қойыңыздар. Үй алынбай жатса да, миллион теңгеге жалдап тұрып жатыр. Үш айда үш миллион төлеп қояды. Бала-шағаның барлығы қымбат мектептерде оқиды. Үш ай сайын 4,5-5,5 млн теңге төлейді. Шопырына да төленеді. Қайраттың тарапынан бар жағдай жасалып жатыр. Сол үшін мені, Қайратты кінәлап керегі жоқ. Қайрат бала-шағасын үйсіз қалдырмайды. Құдайға шүкір отбасын, Жұлдызды жақсы көреді. «Сені сүйем» деген әндер босқа шыққан жоқ. Жұлдыз да менің алғашқы қызығым. Ол қандай болса да менің келінім. Сол себепті мен қолымды кесіп, оны жамандап отырмаймын ғой. Бәрі менің бала-шағам, менің ұрпағым. Қазір Жұлдыз 100 мың доллардың үйінде отырады деп тұрсыз ба?! Олар жақсы нәрсеге үйренгеннен кейін қымбат үйді қалайды. Ол үшін Қайратқа қаншама жұмыс істеу керек. 30-50 мың доллардың үйінде тұрмайды. Ондай үйге тұрса, қазір-ақ әперер едік. Пенде болған соң бәрінде қателік болады», - деді ол.

Байланысты жаналықтар

«Куәсіздер». Гүлзира Айдарбекова жұрт білмейтін құпияны ашты

20.03.2025

«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

17.03.2025

Гүлзира Айдарбекова: Қазір бұрынғы 50 досымнан бір-екеуі ғана қалды

15.03.2025

«Балаларым ауыра берді»: Әбдікәрімова басынан өткен қиындық отбасына қалай әсер еткенін еске алды

13.03.2025

Гүлзира Айдарбекова жылы қабақпен күтіп алатын келіні туралы айтты

18.02.2025

«Әзірге күресіп көрсін, кейін үйін әпереміз». Гүлзира Айдарбекова келіні туралы мәлімдеме жасады

06.02.2025
MalimBlocks
«Куәсіздер». Гүлзира Айдарбекова жұрт білмейтін құпияны ашты

Ол танымалдылықтың қажеттігі туралы айтты.

«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлттық нақышта киінген видеосын жариялады.

Гүлзира Айдарбекова: Қазір бұрынғы 50 досымнан бір-екеуі ғана қалды

«Балаларым ауыра берді»: Әбдікәрімова басынан өткен қиындық отбасына қалай әсер еткенін еске алды

Ол балаларын қатты уайымдаған.

Гүлзира Айдарбекова жылы қабақпен күтіп алатын келіні туралы айтты

Продюсер оған алғысын жаудырған.

«Әзірге күресіп көрсін, кейін үйін әпереміз». Гүлзира Айдарбекова келіні туралы мәлімдеме жасады

Гүлзира Айдарбекова бұл пікірді назардан тыс қалдырмады.