Сәлем салмаймын, маған ешкім салдырма алмайды, бұл жабайылық – Баян Алагөзова

Ол мұны жабайылық деп атады.

Сабина Асқарқызы

  • 11.03.2025

Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынап тастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол сәлем салудың үлкендерге құрмет көрсетуге еш қатысы жоқтығын да алға тартты.

Алматыға келгенімде Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. «Не үшін иілесің?» десем, «бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек» дейді. Бірі «сыйластықтың белгісі» деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген, деді продюсер. 

Ол бұл дәстүр тек оңтүстік өңірлерде барын айтып, тиісінше ол жақтан батыр қыздар шықпағанын да тілге тиек етті.

Әжем «біздің әпкелеріміз ат үстінде жүрген» деп өсірді. Расымен, соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр қыздарымыздың дені Орал мен Ақтөбеден шыққан. Осы күнге дейін Шымкент пен Тараздан батыр қыздың шыққанын естідіңіз бе?! Демек батыстың қыздары еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын, деп қосты Баян Мақсатқызы. 

Фото: Баян Алагөзованың жеке парақшасынан алынған

Байланысты жаналықтар

«Біресе келін, біресе келін емес»: Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның өмірін әзілге айналдырды

22.04.2025

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

11.04.2025

Баян Алагөзованың күйеуі қызғаншақ емес екенін айтты

01.04.2025

Сәлем салу ешқандай қиындық тудырмайды – Дана Есеева

31.03.2025

«Баян үлгі алсын»: Бибігүл Төлегенова халыққа иіліп құрмет көрсетті

19.03.2025

Баян Алагөзованың шапан киіп түскен суреті қызу талқыланды

18.03.2025
MalimBlocks
«Біресе келін, біресе келін емес»: Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның өмірін әзілге айналдырды

Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның күйеуі Айдар Асқарбекпен ажырасып, қайта қосылғанын меңзеген

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

Продюсер отбасымен бірге демалысқа аттанған.

Баян Алагөзованың күйеуі қызғаншақ емес екенін айтты

Актриса киноға бөтен еркекпен түссе қалай болатынын сұрап көрді

Сәлем салу ешқандай қиындық тудырмайды – Дана Есеева

Блогер отбасылық салт-дәстүрдің қаншалықты маңызды екенін атап өтті

«Баян үлгі алсын»: Бибігүл Төлегенова халыққа иіліп құрмет көрсетті

Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды.

Баян Алагөзованың шапан киіп түскен суреті қызу талқыланды

Продюсер ұлттық киім күнімен құттықтады.