«Бізді құртып бітті». Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев ән шырқап жүрген іні-қарындастарына ескерту жасады

Өнер иелері тілдің тазалағының қаншалықты маңызды екенін еске салды.

Сабина Асқарқызы

  • 18.06.2024

«МузАрт» тобының мүшелері, танымал әншілер Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев трендтегі әндерге қатысты пікір білдірді.  Өнер қайраткерлері «Қызық Times» бағдарламасына берген сұхбатында тілді бұзып, ән шырқайтын жастарға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Көпшіліктің сүйікті әншілері өзінен кейінгі жас буын өкілдеріне, тойда екі тілді араластырып ән шырқайтын жастарға ескерту жасап, сынап тастады.

Осы мүмкіндікті пайдаланып айтайыншы. Әсіресе жастар қауымына. Тойдың да мәдениеті болуы керек. Көңіліне тиіп қалмасын. Орысша араластырғаны, «Сенің фигураң мынандай» дегендерді су қаным сүймейді. Ұнамайды, өте сүйкімсіз. Онсыз да қазақ әндерін қағытпа қалжың, астарлы әзілмен әдемі жеткізуге болады. Біз өз тілімізді ластап жатырмыз. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты дейміз, бірақ тіліміздің шұбарланып жатқанына көңілім толмайды, - дейді Сәкен Майғазиев.

Мейрамбек Беспаев та тілдің шұбарланғанына қынжылатынын жеткізді.

Кезінде аталарымыз да "черный көзім" деп айтты ғой. Ол кезде саясат басқа болды. Біз орыстың ықпалында жүргеннен кейін оларға жағыну мақсатында сондай өлеңдер шықты. Ал қазір тәуелсіздік алған кезде не қара басып қалды бізді?! Орысшаны араластырып, елдің құлағында қалсын деп тілімізді шұбарлап, бізді құртып бітті, - деді Мейрамбек Бесбаев.

Өнер иесі эстрадағы іні-қарындастарына ағалық тілегін айтып, оларды қазақ тілінде сапалы туынды шығаруға шақырды.

Елдің бәріне "МузАрт" болу шарт емес. Жаппай бәрі "Тойда шырқасақ болды" деген ритммен кете бергені дұрыс емес. Тәп-тәуір түрлері, дауысы бар әншілер. Сол жағы ғана кішкене жүрегіңе тиеді екен. Мен міндетті түрде эстрада мықтыларының жолымен жүріп, солар сияқты ән айту керек деп тұрғаным жоқ. Әндерінің тақырыптары да бір түрлі, сөздері де есте қалмайды. Осы жолмен бәрі кете бермесе екен деген тілек, - деді әнші.

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Төреғали Төреәлі «ТТТ» атауының қайдан пайда болғанын түсіндірді

20.11.2024

Танымал дәстүрлі әнші Биғазы Тұтқабековтің қызы тұрмысқа шықты

20.11.2024

Немерем мен кенже баламды бесікке салып бірге тербетемін - Өмірқұл Айниязов

19.11.2024

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

15.11.2024

«Келіндік міндетім»: Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

15.11.2024

«Не деген іштарлық?»: Әнші Алтынай Жорабаева ашуға булықты

14.11.2024
MalimBlocks
Төреғали Төреәлі «ТТТ» атауының қайдан пайда болғанын түсіндірді

Әнші әлеуметтік желіде құпиясын ашты.

Танымал дәстүрлі әнші Биғазы Тұтқабековтің қызы тұрмысқа шықты

Қарлығаш Биғазықызы әкесінің ұмытылған атып жаңғыртып, өнерімен тамсандырып жүр

Немерем мен кенже баламды бесікке салып бірге тербетемін - Өмірқұл Айниязов

Өнер иесі ұлын үйлендіргеннен кейін гендер пати жасаған

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

Тұрсынбаева осы жолы қатты ауырып жатқанын атап өтті

«Келіндік міндетім»: Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

Өнер иесінің енесі де әнші болып шықты

«Не деген іштарлық?»: Әнші Алтынай Жорабаева ашуға булықты

Өнер иесі өзіне қатысты әңгімелерді естіп, көңілі түскен