«Келін көргенін істейді». Айгүл Иманбаева енелерге кеңес берді

Ол өзінің әже ретіндегі міндетін де ұмытпайтынын айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 28.08.2024

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бүгінде жаңа міндетке кіріскенін алға тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі шығармашылығымен қатар немере бағуды да қолға алғанын айтты. Бұдан бөлек ол өзінің ене екенін тілге тиек етіп, өзгелерге кеңес берді.

Мен сахнада бетімді бояп, жылтырап, әнін салып, той-томалағына барып, сүтке шомылып жүр деп ойламаңыздар. Өнерімізбен қоса менің енелік жолым, әжелік жолым бір бөлек. Күнде қасында отырып, бесік жырын айтып отырмын деп айта алмаймын. Өйткені менің ұстаздығым, өнерім, басшылығым бөлек. Бір басымда 1040 жұмысым бар. Соған байланысты қасында күнде отырамын деп айта алмаймын. Дегенмен де үйге келгенде немеренің иісін сезіну, қылығының тәттілігін көру бір бөлек, - деді өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

Иманбаева өзі секілді енелерді келіндерді тәрбиелеуге тырыспауға шақырды.

Әр анаға әже бақыты бұйырсын. Келін тәрбиелеймін, немере тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн. Өзіңді тәрбиелеңіз. Келін сол көргенді істейді. Немере де сондай. Жүрегіңде жылулық болса, түйген ойың болса соны немере де бойына сіңіреді. Бар болғаны махаббатыңызды аямай беру керек, - деді актриса.

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

29.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

16.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Актрисаның жасы ол кезде 11-де болған.

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

Актриса қызының таңдауына қарсы болғанын атап өтті

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.