Мақпал Жүнісова өнерін неге шетелде дамытпағанын айтты

Ол алдымен қазақ елінің батасын алуды жөн көрген.

Сабина Асқарқызы

  • 27.12.2024

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзге әріптестері секілді шығармашылығын неліктен шетелде дамытпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі шетелде де атын шығаруға мүмкіндігі болғанын айтады. Дегенмен ол туған елінде қалуды құп көргенін алға тартты.

Қазақ елі үшін қызмет еткен әншімін. Мына тұрған Мәскеуде де концерт беріп көрмеген адаммын. Мен тек Қазақстанды араладым. Ауылдарды, станцияларды аралап шықтым. Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым. Сондықтан еліме деген махаббатым өте биік. Өз жерімде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Шетелге барып, сол жақта атымды шығаруға болар еді. Менде ондай жағдай болды. Жолдасым бастық болды. «Мені шетелге шығарып, мына Мәскеуге апарып концертімді жаса» десем, орындайтын еді. Бірақ мен ондайға бармадым. Алдымен өз елімнің батасын алайын дедім. Өз елімде қазақтың әнінің шыңына шығайын дедім, - деді өнер иесі «Оян» бағдарламасына берген сұхбатында.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Байланысты жаналықтар

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

07.04.2025

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

31.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

06.03.2025

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

03.03.2025
MalimBlocks
«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

Ол ауылда мүлде жағдай жоқ екенін айтты.

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

Әнші әріптестерінің үйіне қонаққа барған.

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

Өнер иесі: Әппақ ниетін ешқашан ұмытпаймын

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

Өнер иесі көпшілікпен қуанышын бөлісті