«Өзіңізге жақсылық жасаса болды ма». Ұлықпан Жолдасовтың әйелі сынның астында қалды

Ол Асхат Садырбайды қолдап пікір қалдырған.

Сабина Асқарқызы

  • 21.04.2025

Белгілі сазгер Ұлықпан Жолдасовтың әйелі Айған Жолдасова тележүргізуші Асхат Садырбайды қолдап пікір білдіремін деп сынға қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жолдасова бұрынғы әйеліне қатысты басы дауға қалған Асхат Садырбайды ерекше құрметтейтінін, мәселенің бәрі шешілетінін жазған.  

Отбасымызбен сені жақсы білеміз. Болат ұлымызға қол созып біраз көмектескеніңді де ұмытпаймыз. Әке-шешеңді қатты құрметтейміз. Ал қарындасың Бақытжамал неше жылдан бері қызымыздай болып кеткен. Мықты маман, адам ретінде өте керемет жан. Еш уайымдама, айналаңда толы достарың, сенің қандай екеніңді жан-жағың біледі. Бәрі жақсы болады. Өз басым сені қатты құрметтеймін. Әрқашан ақылыңды айтып, жол сілтеп отырасың. Достығымызға ешкім кедергісін келтіре алмайды. Біз сіздерді құрметтейміз! Дым уайымдама! Кімнің кім екенін уақыт шешеді! Алла жар болсын! деп жазды арт-директор. 

Дегенмен оның пікірі оқырманның көңілінен шықпай, желі қолданушылары сазгердің әйелін сынап тастаған.

«Асхат жақсылық жасады екен деп, мақтай беру керек пе?!», «Фарида сияқты Ерке де, Айғаным да қызыңыз емес пе?!», «Өзіңізге жақсылық жасаса болды, басқаларына не істесе де істей берсін бе?!» деп жазды көпшілік. 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

21.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

17.04.2025

«Байдың тұқымынан емес»: Мақпал Жүнісова неліктен өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын түсіндірді

17.04.2025

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

Оған қоса әйелінен кешірім хатын сұратып отыр

«Байдың тұқымынан емес»: Мақпал Жүнісова неліктен өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын түсіндірді

Әншіні оқырманы ақшаға қызығып тұрмысқа шықты деп айыптаған.

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді