Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты
Ол келмеген қонақтарына да ренжулі екен.

Отандық танымал әнші Қарақат Әбілдина туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Дегенмен кеш басталар алдында келеңсіз жайт болған. Өнер иесінің айтуынша, тамада ретінде шақыртылған ақын қыз туған күн кеші басталар кезде «лақтырып» кеткен.
Тойдың боларынан, боладысы қызық. Той барысындағы қызықтармен бөлісe отырайын. Тура кештің басталуына жарты сағат қалған кезде тойды жүргізуі керек болған ақын қыз (атын айтпай-ақ қояйын), жай тілмен айтқанда, лақтырды. Келе алмайтынын айтып, мені бір шок қылды.
Сөйтіп кештің тізгінін сіңлім Ақбота алды. Керемет жүргізді. Осы кеште асабалық тұсауы кесіліп, нағыз дебют болды! Әр істің бір қайыры деген рас-ау?! Ақбота Шәкірқызы, жарадың!
Жалпы, туған күн кешінде қойылған сұрақтар мен ойындардың идеясын өзім ойластырдым. Ондағы ойым қазақ қызының жан-жақтылығын көрсету болды. Өзі батыр, өзі әнші, өзі ақын өзі сазгер, өзі аспаз әрі тапқыр дегендей. Топтық сайыс өте қызықты өтті. Апаларым әділ қазылық етті, дейді ол.
Қарақат Әбілдина тойына келмеген қонақтарына да ренжулі екенін білдірді.
Осы жерде бір мәселені қозғағым келеді. Тамада қалай лақтырған болса, тойға келеміз деп соңғы күні өздерінің уәдесін беріп тұрып, орындары белгіленген біршама қонақтарым келмей қалды. Осы орайда айтқым келетіні: барлығымыз қонақ шақырамыз, күтеміз, ниеттенеміз — осындай жағдай үлкен бір өрескел қателік қой. Осы мәселені көп жандар ойланса екен. Себебі адам келеді деп күтеді. Орнын белгілейді, ол енді айтпаса да түсінікті.
Қанша той жасап жүрміз, байқаймын — «ішің білсін, әлу-ай…». Осыны оқып отырған жандар өздері біліп те отырған болар. Бұл тек менің тойыма қатысты емес, жалпы көпшілікке айтқым келетіні: келе алмайтын болсаңыз, келе алмайтын жөніңізді айтыңыз! Адамды бүйтіп үміттендіріп, күттіріп қою деген — үлкен мәдениетсіздік қой, деп жазды әнші.
Фото: Қарақат Әбілдинаның жеке парақшасынан алынған
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
