457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен түскен суретін жариялады

Олар бірге жарнамалық роликке түскен

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді танымал блогер Данеля Садықовамен бірге жарнамалық роликке түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Белгілі құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Instagram парақшасында «Dequiine» атымен танымал блогер Данеля Садықовамен бірге түскен жарнамалық роликтен үзінді жариялады.

Данеля Садықова бұрын Парламентте қызмет еткен, бірақ даулы әрекеттеріне байланысты мандатынана айырылған Асқар Садықовтың қызы. Өзінің әлеуметтік желідегі жазбаларында Данеля әкесінің әрекеттеріне қатысты пікір білдіріп, зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптайтынын және мұндай әрекеттерге төзбеу керектігін айтқан.