«Нүкенованың ағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды»: ІІМ мәлімдеме жасады

Айтбек Амангелдінің өзі ІІМ-ге сұрау жіберген.

Сабина Асқарқызы

  • 06.06.2024

ІІМ Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомстводағылар жалған ақпарат таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда Нүкенованың ағасына қатысты ештеңе айтылмаған. Желіде арызды Қуандық Бишімбаевтың әкесі жазған болуы мүмкін деген мәлімет бар.

Бұған дейін Ермұхамет Ертісбаев өзінің YouTube-арнасында Нүкенованың ағасының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтып еді.  

Ал Айтбек Амангелдінің өзі Instagram-да қылмыстық іс жайлы бейхабар екенін, тиісінше ІІМ-ге сұрау жібергенін алға тартты.

ҚР Ішкі істер министрлігіне сұрау жібердім. Ең алдымен сотқа дейінгі істердің тіркелгені жөнінде сұрадым. Білуімше, маған қатысты қылмыстық іс қозғалмаған, - деді ол тікелей эфирде.

2024 жылғы 13 мамыр күні әйелін өлтірді деген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шығып, ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

29.04.2025

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.04.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан