Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған баланың отбасына үш адвокат жалдап берді

Арман Қайыпхан

  • 08.10.2024

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы, құқыққорғаушы Айтбек Амангелді Талғарда өлтірілген бозбаланың отбасына тегін адвокат тауып берді, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтбек Амангелді Талғардағы төбелесте көз жұмған 16 жастағы Шерзаттың отбасы үшін адвокаттармен келісіп берді. Енді адвокаттар тегін көмек көрсететін болды.

Біз Шерзаттың отбасына үш адвокат тауып бердік. Олар тегін көмектесуге келісті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Адвокаттар орган өкілдерімен бірлесіп, жәбірленушілерден жауап алып жатыр. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Жанжал кезінде марқұм баланың әкесі мен ағасы да зардап шеккен, – деді Айтбек Амангелді.

Марқұмның отбасына адвокат Асқар Қаймақов, Карина Көшербаева, Марал Жайлаубаева көмектесетін болады. Сондай-ақ бұл іске құқық қорғаушы Саида Тәуекелова қосылған.

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда бір топ жігіттің қолынан қаза болған жасөспірімнің туыстары күдіктілердің жартысы ұсталмағанын, сол үшін әділдік іздейтіндерін айтқан болатын.

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр