«Әрбір қызға Айтбектей аға керек». Адвокат Жанна Оразбақова үндеу жасады

Ол тұрмыста зорлық-зомбылық құрбаны болған қыздарды қолдау керек дейді.

Сабина Асқарқызы

  • 16.05.2024

Бишімбаев ісінде Нүкеновтердің мүддесін қорғаған адвокат Жанна Оразбақова Курсив Медиаға берген сұхбатында Бишімбаев ісі қоғамға қандай өзгеріс әкелгенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жанна Оразабақова Бишімбаевты жаңа Қазақстанның билігі кешірмейтінін атап өтті.

Бишімбаев бұрынғы биліктің тумасы. Назарбаевтың көмекшісі болған, соның командасынан шыққан. Бірінші қылмысының жазасын толықтай өтемеді. Ал қазір Президентіміз басқа. Сондықтан жазадан құтылып, кешірім алуы екіталай, - дейді адвокат.

Адвокат зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздарға отбасында қолдау көрсетілмейтініне тоқталды.

Жалған ақпараттарды кім таратып жүргенін білмеймін. Ол әлеуметтік желінің жұлдызы болатын адам емес. Өзінің жұмысы, хоббилары бар. Қарашадан бастап қарындасы үшін күреске қанша уақыт кетті. 11 қараша күні біз танысқан кезде әкесі мен ағасы үшін қатты жүрегім ауырды. Содан бастап «Салтанат ішкен, өзі басын соғып, ұйықтап қалған» деген жалған ақпарат таралды. Ол өзінің қарындасын қорғамақ ниетте халық алдына шықты. Ондай ағалар көп қыздарға жетпейді. Қаншама қыздар тұрмыстық зорлық-зомбылық болса да, шыдап жүре береді. Өйткені, ондай ағалары жоқ. Ата-аналары «Кетпе, шыда» дейді, ағалары «Отбасымыздың абыройын төгесің, кетпе», дейді. Сондықтан, қаншама қыз өліп жатыр. Қоғамымыз оянып, бәрін түсінгеніне сенемін. Шындық қайсы, өтірік қайсы екенін түсінді, - дейді адвокат.

Айта кетейік, адвокат Жанна Оразбақова алқабилер шығарған сот үкімімен толықтай келісіп отыр. Алайда, ол Салтанат Нүкенованың қайта тірілмейтінін, сол себепті бұл істе жеңімпаз жоқ екенін де айтқан.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

29.04.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

03.04.2025

Бишімбаевтың әкесі университет ашатыны рас па?

03.04.2025

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

18.03.2025
MalimBlocks
Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

Сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман бұрынғы күйеуінің отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын айтты

Бишімбаевтың әкесі университет ашатыны рас па?

Әлеуметтік желіде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University деген атаумен жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл ақпаратқа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті