Сахнада орысша сөйлеп сынға қалған Рымбаеваға Әзірбайжан әншісі араша түсті

Роза Рымбаеваның сахнада орысша сөйлеуі көптеген желі қолданушыларының ашуына тиген еді

Сабина Асқарқызы

  • 05.01.2025

Әзірбайжанның танымал әншісі, «İstedәm» әнінің орындаушысы Роза Зергерлі қазақстандық әнші Роза Рымбаеваны сынаған көпшілікке жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz

«Хабар» арнасы көрсеткен «Қызық премия» жобасында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаеваның сахнада орысша сөйлеуі көптеген желі қолданушыларының ашуына тиген еді.

"Әзірбайжанның Розасына риза болдым, Қазақтың Розасына өкінішке қарай… Әзірбайжан әншісінің «Әкем атымды Роза Рымбаеваның құрметіне қойды» дегенін, екі Розаны бір сахнада кездестірдік дегенді бір жерден оқып қалғасын, сол бір әсерлі сәтті көргім келді.Роза Зергелі халықпен амандасқанда да, жүргізушілермен сөйлескенде де өз ана тілінде сөйледі. Артынша Роза Рымбаеваны сахнаға шақырғанда, әзірбайжан қызы қатты қуанды, көрініп-ақ тұрды. Халық та орнынан тік тұрып қошеметпен қарсы алды. Ал біздің апамыз келе сала орысшалады. Екі туысқан елдің тілі бір-біріне түсініксіз деп сақтанса, мейлі, тым болмаса неге қазақша амандаспады елмен, қонақпен? Үлкен Роза орысша сөйлегесін, кіші Роза да құрмет танытып орысша диалогтасты. Сізді орысша білмейді екен десек деп жүргізушілер таңғалып жатса, Роза Зергелі өз тілдеріміз өзара түсінікті деп онан сайын ұялтты-ау?  Несі бар, Үлкен Роза ортақ түсінікті тілде сөйлесе дейтіндеріңіз бар шығар? Елді қашан қазақ қыламыз деп жанұшырып жүргенімізде, елге үлгі апамыз ана тіліміздің қадірін асқақтатып жіберсе ғой осындай сәттерде", — деп жазды айтыскер Ержеңіс Әбдиев.

Бұдан бөлек тыңдармандар қазақ әншісінің мұндай әрекеті ақылға қонымсыз екенін айтып, әлеуметтік желілерде жарыса пікір жазған болатын. Ал әзірбайжандық әнші Рымбаеваны қатты сынамауға шақырды.

"Қымбаттыларым менің! Ең бастысы - біздің тамырымыз бір. Роза ханым бізге халық арасында мыңдаған адамның мені тыңдап бірақ түсінбей отырған адамдардың бар екенін ұқтырды. Мен де сол тұста солай орысша сөйлеп, ол кісіге де, сіздерге деп жылы лебізімді білдіріп, қалжыңымды да айта алдым. Жаңа жыл құтты болсын! Мейірімді болайық! Сіздерді жақсы көремін" деп жазды ол. 

Айта кетейік, Роза Зергерлі есімін әкесі Роза Рымбаеваның құрметіне қойғанын айтқан еді.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.