Шетелдік қыздың қолын сүйген Сәкен Майғазиев сынға қалды

Өнер иесінің оқырманының пікірі қақ жарылған.

Сабина Асқарқызы

  • 05.07.2024

Танымал отандық әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде тараған видеода шетелдік бойжеткенмен дуэт жариялап, көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видео дайындық кезінде түсірілген. Бірақ өнер иесінің оқырманына оның сахнада тұрып әзірбайжандық Лаелия Хикайе (Laelia Hekaye) есімді әншінің қолын сүйгені ұнамаған.

«Қолынан сүйгені несі? Қызғанып қалдық қой, аға», «Қолынан сүйгеніңіз дұрыс болмады, Сәкен аға», «Бөтен қыздың қолынан сүйгені несі», «Сәкен құрдас, неге сүйдің қолын? Бұл өте ерсі қылық, қазақта әйелдің қолын сүю деген жоқ», «Сәкен аға, дым жарасып тұрған жоқ, қыздың сөзі мүлдем түсініксіз», «Жеңгеміз қызғанбай ма екен?» - деп жазды.

Мұның ешқандай да ерсі қылық еместігін айтып, әншіні қорғап жатқандар да бар.

«Шетелдік әріптестерде солай қолын сүю зор құрмет болып саналады, өлеңін қазақ тілінде айтқаны үшін ризашылық білдірді», «Өнерді жан-жүрегімен сүйетін әнші үшін қолды сүйгеннің не әбестігі бар?! Дауысы керемет екен», - деп жазған олар. 

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

 

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Сәкен Майғазиевтің анасы Тоқаевтан марапат алды

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Сәкен Майғазиевтің анасы Тоқаевтан марапат алды

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен