Сиви Махмудидің экс-күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады
Бұл туралы сот отырысының хаттамасында айтылған.

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлы алаяқтық жасағанын мойындады, - деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Сотталушы А.Кажмуханулы айыбын толықтай мойындайды», - делінген сот отырысының хаттамасында.
Сотталушының өз кінәсін мойындауы және шын жүректен өкінуі - оның жауапкершілігін және жазасын жеңілдететін мән-жай.
Еске салайық, 14 наурызда Астанада әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты істі сотта қарау басталғаны хабарланған еді.
Сот кабинетіндегі мәлімет бойынша, әншінің экс-күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр. Қазіргі таңда іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының өндірісіне қабылдауға жіберілген.
Антикор былтыр 23 қазанда әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялаған болатын. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.
«Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді», – делінген хабарламада.
Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған. 2021 жылы ажырасып кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
