«Соғыс майданында жүргендеймін». Майра Мұхамедқызы денсаулығы сыр бергенін айтты
Ол мұны сатқын адамдардың ортасында жұмыс істеудің салдары деп санайды.

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы айналадағы адамдардың сатқындығынан денсаулығы сыр бере бастағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер емделу үшін Шымкенттен Астанаға келген.
Жуырда спорт залдан хамамға кіріп, орамалды еңкейіп алғаным сол-ақ еді, белім тырс ете қалды. Содан бір апта орнымнан тұра алмай жатып қалдым. Салмаған укол, ішпеген дәрі, түспеген МРТ қалмады. Соңында бәрі кері әсер беріп, ісініп ауырдым. Болмаға соң Лена досымның ақылын тыңдап, өзіме көңіл бөліп, бәрін тастап, Астанадағы үйіме келдім. Тибеттің шөп дәрісін іше бастадым. Аяғымнан тұрдым. Ісік қайтты. Көңіл күй жайлап орнына келе бастады. Осының бәрі күнделікті күйбің тірлік, қайнаған атыс-шабыс жұмыстан болды. Өмірде ең қиын әрі сорақы іс: сатқын адамдардың ортасында жұмыс істеу. Соғыс майданында жүргендеймін. Қай күні қай жерден граната басып кетер екем деп алаңдаған уайым да жоқ емес, деп жазды әнші.
Фото: instagram.com/mairaopera
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
