Танымал әнші әйелінің қазақша сөйлегісі келмейтінін айтты

Бүркіт 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін жасырмады

Сабина Асқарқызы

  • 11.11.2024

Танымал эстрада жұлдызы, «Бүркіт» деген лақап атпен танымал Айбек Сейітов әйелі Аишаның қазақша сөйлей алмайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін айтып, өкінішін білдірді.

"Тағы тіл үйрену туралы сұрақ алдымыздан шықты. Мен әлсіз болып тұрмын. 10 жылдан астам уақыт бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін", – дейді Бүркіт Жетінші арнадағы «Сырласу» бағдарламасында.

Әнші жақында енесіне көлік сыйлаған еді.

"Негізі табысымыз бірдей. Өнерде қатар жүргесін ақшаны бірге табамыз. Жақында Аиша анасына көлік сыйлады. Халық та әлі шулап жатыр-ау. Сол туралы айтып берейін. Аиша мен анасы Қарағандыға кетіп қалғанда сыйлықты мен дайындап қойғанмын. «Сен өзің бере бер, анаң қуанып қалады» деп едім, үзілді-кесілді бас тартты. Өйткені өтірік айта алмайды. Басқа біреу болса: “Анама мен сыйлап жатырмын” деуші еді. Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді. Сондай болмысымен мені қатты таңғалдырады. Күн сайын осындай әйел болғанына тәуба деймін. Құдайдан сұрап алған әйелім", — дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген