Төреғали Төреәлі «ТТТ» атауының қайдан пайда болғанын түсіндірді

Әнші әлеуметтік желіде құпиясын ашты.

Сабина Асқарқызы

  • 20.11.2024

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі көптен бері Instagram желісінде көрінбей кеткен. Өнер иесі сол олқылықтың орнын толтырып,  өзі жайлы қызықты мағлұмат айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Төреғали «ТТТ» лақапты қайдан шыққанын түсіндірді. Ол бұл әріптің туған жерінің атауына қатысы жоқ екенін алға тартты. Бірақ оның мағынасын Қызылордадағы концертінде егде жастағы кісі дәл тапқан көрінеді. 

«ТТТ» - сөзіндегі «ТТ» - Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік білсе де, үшінші Т-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен ел ішінде әркім өзінше расшифровка жасап жүр. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер туған әйелі – Толқынның бас әрпі депті. Руым да Әлімнің ішіндегі Татыраны ғой. Қызылорда қаласында өткен концерттерімнің бірінде, залдан бір қария шығып батасын беріп болып, «Саған, бір сұрағым бар еді. ТТТ дегендегі үшінші Т «Татыран» деген сөз деп естіп едім. Сол рас па?» деді. Мен «Жоқ, ата, үшінші «Т» Татыран деген өтірік. Бірінші «Т» – Татыран» дедім. Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, «жеті атасын білмеген жетесіз» дейді ғой. Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші «Т» – Айдарбектің 4 баласының бірі Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын, - деп жазды ол.

Фото: instagram.com/toregalitoreali 

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

29.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.03.2025

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

19.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Ол жақын адамдарын қонақ еткен.

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

Екеуінің де денсаулығы сыр беріп, арбаға таңылып қалған