Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СІМ өкілі Катарда қанша қазақстандық барын айтты

Саясат
СІМ өкілі Катарда қанша қазақстандық барын айтты

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қатарға сапармен барған Қазақстан азаматтарының санына қатысты айтты. 


Әрине, Қатарда Қазақстан азаматтары бар. Құрбан болғандар арасында еліміздің азаматтары жоқ, яғни бұл жағдайға қатысты елшілікке ешкім хабарласпады. Қазір 1,5 мың азамат Қатарда жүргені белгілі. Соның ішінде 516-сы консулдық есепте тұр. Олармен тұрақты байланыстамыз, - деді Әлібек Бақаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуеден соққы жасады. 

Фото: РИА новости 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу