42 500 теңге төлемеу үшін ТЖ алып тастады, ал карантин күшінде

Алмас НҮСІП

  • 11.05.2020

Карантин режимі сақталады, бірақ, төтенше жағдай алынып тасталады... Бүгін ТЖ уақыты бітті деген халық жаппай қалаға қарай ағылды да, үлкен қалалардың кіре берісінде бірнеше шақырымдық кептелістер пайда болды. Келгендердің көбі қалада карантин уақыты әлі жалғасатынын біліп, кері қайтып жатыр. Жұрт арасында наразылық көп. Соның бірі – билік бұл қадамға 42 500 теңгені төлемеу үшін барып отыр деген күмән.

Коронавирус келгеннен  тура бір аптадан соң тағайындалған бұл әлеуметтік көмектің жыры әлі бітер емес. О баста екі айға созылса, бір рет алған екінші рет те алады деді, одан кейін 16 сәуірге дейін өтініш беріп үлгермегендер алмайды деп шықты. Президент ТОҚАЕВ та бұл көмектің екінші айда да жалғасын табатынын айтты. Одан соң еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ жоғарыдағы мәлімдемені жасады. Бұдан соң, 6 триллионның есебін шығара алмаған билік өкілдері өздігінен есеп шығарам деп жүріп, көмектің 4,2 емес 4,5 млн адамға берілгенін және оған 9 млрдтан астам теңгенің бөлініп қойғанын айтып салды. Ақшасы бөлініп тұрса, неге екінші айға берілмейді деген жұртшылықтың сұрағы әлі күнге жауапсыз қалып тұр.

«Менің түсінбейтінім, жолды ашпаса, несіне төтенше жағдай бітті дейді? Карантин алынбайды, жол ашылмайды деп кеше неге айтпайды?  Екі айдан бері Алматыдағы жұмысыма жете алмай отырмын. Меніңше, бұлар дағдарыстан не істерлерін білмей жатыр. Төтенше жағдай алынса 42 500 төленбейді елге, бірақ жұмыссыз, карантинде отыра береді. Ешқандай тәртіп өзгермейді, бірақ, ТЖ алынып тасталады. Қызық бұлар! Теледидарға қарап отырмыз, бұлар не айтар екен деп», - дейді Алматыда көлік құралдарын сатумен айналасатын Қанат ХАЛЫҚОВ.

«Кеше дер уағында неге ескертпейді?» деген наразы жұрт егер қалалардағы карантин режимі алынбаса, мұның ТЖ-дан не айырмашылығы бар екенін түсінбей дал. Президент Тоқаевтың бүгін коронавирусқа қатысты мәлімдедеме жасайтыны айтылған, бірақ, әдеттегідей уақыты белгісіз. Жұрт сеңдей соқтығысып, блок бекеттерде наразылық білдіріп жатқанда, не күтіп отырғаны тағы белгісіз.

42 500 теңгенің карантинге байланысты емес, төтенше жағдайға байланысты тағайындалғанын ескерсек, биліктің осы бір өзі де болымсыз төлемнен қашып, ресми түрде ТЖ-ны алып тастап отыр ма деген күмәннің жаны бар сияқты. Өйткені, бірқатар мемлекеттер ТЖ уақытын созды, бұған дейін карантиндік шектеулерді жеңілдете бастаған Қытай мен Оңтүстік Корея сияқты елдерде ауру қайтадан пайда болып, көбейе бастаған соң, қайтадан қатаңдатуға мәжбүр болған. Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының әлі азаймай тұрғанын ескерсек (5 мыңнан асып кетті), төтенше жағдайды алып тастаудың реті жоқ сияқты. Оған Тоқаевтың да тәуекелі жетпейтіні анық. Бірақ, күннен күнге бюджетті қысып, жан алқымнан алып келе жатқан дағдарысқа қарсы қалай да бірдеңе істеу керек. Сондағы тапқандары, шөміштен қысқандай қылып, үнемдеуді осы 42 500-ден бастауды дұрыс деп тапқан сияқты.

Тоқаев мәлімдеме жасағанша жұрт ішінде мұндай болжамдардың көбейе беретіні анық.

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

03.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды