Алматыда Қаңтар құрбандарына арналған мемориал ашылды

  • 23.12.2022
Фото: akorda.kz

Алматы қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандарға арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Меориал қаңтар оқиғасының эпицентрі болған жер – Республика алаңынан салынды. Мемориалды орнатушылар бұл жер тағзым ететін және еске алатын, сондай-ақ халқымыздың даналығын, батылдығы мен күш-қуатын көрсететін орынға айналатынын айтады.

Мемориал сәулет кешенің авторлары – қазақстандық жас сәулетшілер Алексей Ивженко және Ғайни Сағидуллаева. Жобаның сипаттамасында:

«Тағзым» мемориалы – көп сатылы сәулет кешені. Бұл ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді. Атап айтқанда, ақшыл сұр бөлігі еңсеруді, қара түс қаңтар оқиғасы кезіндегі дүрбелең мен үрейді бейнелейді, ал сұр бөлігі – құрбан болғандар мен төгілген қанның, адам шығынының символы, ақ түс тұрақтылық пен дамуға ұмтылуды, қоғамның әл-ауқатын, ұлттың өзін-өзі тануын, күш пен әділетті мемлекетке деген сенімді білдіреді. Әр бөлікте халқымыздың ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған тастар мен стеллалар орнатылған», - деп жазылған.

Мемориал кешенінің ашылуына қала тұрғындары, қала әкімдігі және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Тоқаев Қаңтар оқиғасы туралы баяндама жасап, стеллаға гүл шоғын қойды. Шараның басында қаза болғандарды еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды.

Президент Қаңтар оқиғасын тәуелсіздік кезеңіндегі ең күрделі оқиға деп атады және мемориал кешенін не үшін ашқанына тоқталды.

«Шын мәнінде, бұл ескерткіштің  мағынасы терең, маңызы өте зор. Мұнда Қазақ елінің мемлекеттігін нығайту жолындағы қилы кезеңдер көрініс тапқан. Тас тұғырларға әйгілі тұлғаларымыздың өлеңдері және өсиеттері жазылған. Ұлтты ұйыстыратын осы сөздер әрқайсымызға ой салады. Бұл мемориалды қаңтарда қаза болған азаматтардың рухына тағзым ретінде тұрғыздық. Сондай-ақ оны кейінгі ұрпаққа тағылым болсын деп орнаттық. Мен осы мемориалдың бой көтеруіне атсалысқан сәулетшілерге және барлық азаматтарға ризашылығымды білдіремін, – деді президент.

Қаңтар оқиғасы 2022 жылдың басы – 4 қаңтарда басталған. Бейбіт шерумен басталған оқиға 5 қаңтардан бастап жаппай тәртіпсіздікке ұласып, нәтижесінде Қазақстанның бірнеше қаласында көптеген ғимараттар қиратылып, жүздеген адам қаза болған. Ресми мәліметтер бойынша оқиға кезінде 238 адам қаза болған және тағы 6 адам тергеу кезіндегі азаптаудан көз жұмған.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.