"AMANAT”: ЖАЙЫЛЫМ ЖЕТКІЛІКТІ БОЛСА, ЕЛ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРА ТҮСПЕК

  • 13.03.2023

 

Бүгін "AMANAT” партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Мақсат Толықбай, Нұрсұлтан Байтілесов, облыстық штаб өкілдері Шырынбек Оңғаров, Қалыйма Жантөреева мен Ерлан Әбдиев Бәйдібек ауданына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Аудан орталығы Шаян ауылында өткен жиында алдымен Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар сөз алып, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

- Елімізде жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл бағытта кемшіліктер де бар. Сондықтан, ертеңгі күні осы мәселені тағы да көтеру қажет болып отыр. Өйткені, ауыл шаруашылығы - ел экономикасының негізгі драйвері. Жайылым жеткілікті болса, мал бағу сіздер секілді ауыл тұрғындарының қолынан келетіні сөзсіз, - деді Қалыйма Жантөреқызы өз сөзінде.

Өз кезегінде, кездесуге қатысқан тұрғындар штаб өкілдеріне жайылым жетіспеушілігі, ауылдарды дамыту, журналистердің мәртебесін көтеру сынды мәселелерін жеткізіп, тиісті жауаптар берілді. Штаб өкілдері кездесу соңында партиялық жобалар аясында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлікке баулу бағытында тиімді іс-шаралар атқарылатынын айтып, бәйдібектіктерді сайлауда "AMANAT” партиясын қолдауға шақырды.          

 

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.