АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы қытайлық TikTok қолданбасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қолдады. Құжатты Өкілдер палатасының 352 мүшесі қолдап, 65-сі қарсы шыққан.
Олар әлеуметтік желіден ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қауіптеніп отыр. Себебі қосымша қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі. Осыған орай мобильді қосымша ByteDance иелігінен шықпайынша, заң жобасы АҚШ-тың қолданбалар дүкендерінде TikTok-қа тыйым салады, деп жазды cnn.com.
Айта кетейік, АҚШ-та TikTok-ты, шамамен, 170 миллион адам қолданады.
Фото: pixabay