Асанәлі Әшімов: Жігіттер әлдебір топтың жетегінде кеткен екен

"Қандастарым менің, жерлестерім, бауырларым, қабырғамыз қайысып, іштен күйініп отырмын. Бұл – өзіміздің ел! Төбелесқұмар емес, жуас ел едік. Жігіттердің шамына тиген әлдебір топтың жетегінде кетіп қалғаны белгілі болып жатыр. Сондықтан, азаматтарға, бауырларыма тоқтау айтамын. Елдің, жердің басында отырған халық емеспіз бе?
"Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді". Жігіттер ақылға салмай, намысқа беріліп кеткен болу керек деп ойлаймын. Мен қазақтың жігіттерін кінәламаймын, шыдамы таусылған тұста шарт кететін қасиет қанымызда бар. Ежелгі бабаларымыз жоңғарлармен соғысты, кешегі аталарымыз фашистермен шайқасты. Әкемізді бердік сол майданға. Бірақ ол – басқа соғыс еді. Ал мынау – ауыл арасындағы төбелес. Алайда, резонансы жаман. Көрші елдерге күлкі боламыз, мазаққа айналамыз. Осыларды ескеру керек. Қаны қызып алған адамдар қайдан ескерсін?! Оны да түсіну керек. Бірақ тоқтату қажет қанқызбалықты, - деді Халық әртісі. Белгілі тұлғаның пікірінше, Қордайдағы төтенше оқиға салдарынан қан шығып жатыр, өлім орын алып жатыр. Оның кесірі тиетінін білгеніміз дұрыс.
"Мешкей деген жақсы ат емес. Мына жақтан дүнгендер, мына жықтан ұйғырлар шығады, олар да оңай халық емес. Төбелес шығарып жүрген қаны бұзылған біреулер болуы мүмкін. Қазақтарды кінәлаудан аулақпын, дегенмен ақымақтармен ақымақ болудың жөні жоқ. Бұл – ақымақтық төбелес. Мұндайды қоштамаймын. Түнімен ұйқым қашты, тынышым бұзылды. Менің туған жерімде болып жатқан оқиға болғандықтан айналамдағы кейбір пиғылы бөлек жандар ала көзімен қарайды. "Ана жақта бауырларың не істеп жатыр?" дегендей. Жастар біз секілді қарияларды аясын. Одан да білімге, ғылымға талпынсын. Төбелестің аты – төбелес, аты да жақсы емес, - деген Еңбек Ері.


Аналитика
|
26.06.2025 13:28
2025-06-26 13:28:00
Ең көп оқылған
Қожамжаровтың ең жақын серіктерінің бірі ұсталды
Политика
|
04.07.2025 15:12
2025-07-04 15:12:00
Аптап ыстықтан қоймадағы оқ-дәрілер жарыла бастады
Политика
|
03.07.2025 09:00
2025-07-03 09:00:00
Трамптың «ауқымды әрі керемет» заң жобасы Сенаттағы дауыс беруден өтті
Политика
|
29.06.2025 17:40
2025-06-29 17:40:00
Қазақстандық Анна Данилина Ұлыбританиядағы WTA 250 турнирінде чемпион атанды
Политика
|
29.06.2025 10:45
2025-06-29 10:45:00
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметіне тағайындалды
Политика
|
30.06.2025 10:38
2025-06-30 10:38:00
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК-ге қосылды
Политика
|
30.06.2025 16:35
2025-06-30 16:35:00
Маусымның соңғы күні ауа райы құбылмалы болады
Политика
|
29.06.2025 19:25
2025-06-29 19:25:00
