457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанадағы үшінші жылу электр орталығы қашан іске қосылады?

Биыл 3 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі

Жоспар бойынша елордадағы үшінші жылу электр орталығы 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дейін дайын болады. Сонымен қатар, биыл 2 газ-жылу станциясы қосылады.  Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business арнасының «Exclusive» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.   

«Астана қаласы бойынша биыл 3 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Ол қосымша жылуды талап етеді. Бұл мәселе бойынша ауқымды жұмыстар басталып кеткен. Биыл 2 газ-жылу станциясы іске қосылады. Ол екі станция 600 геккалорий жылу береді. Осы жұмыстарды тамыз айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, Астанада 3-жылу электр станциясы салынады. Оның бірінші кезеңі биыл бітеді. 5 қазандық биыл қосымша 440 геккалорий жылу береді.  Ол алдымыздағы 3-4 жылда қаланы жылумен қамтуға жеткілікті».

Айта кетейік, үшінші жылу орталығы былтыр  іске қосылуы керек еді. Энергетика министрлігі мұны пандемия және Ресей мен Украина шекарасындағы жағдайға байланысты жабдықтардың қымбаттап кетуімен түсіндірген.