Атырау тұрғындары «тұншығып» отыр

Атырау облысында қамыс өртінің қаулап жануынан өңірді түтін басып кетті. Жүз гектарға жуық аумақты шарпыған тілсіз жаудың басым бөлігі сөндірілгенімен, батпақты жерге қураған қамыстың жануы әзірге тоқтаған жоқ.

  • 03.04.2023

Екі күннен бері түтін басқан Атыраудың тұрғындары шағым білдіріп, қалада жүрудің мүмкін еместігін айтып отыр.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті Каспий теңізі жағалауындағы 89 гектар аумақтағы қураған қамыстың жанып жатқанын мәлімдеді.  

«Каспий теңізі «Ақжайық» табиғи резерватында 2-сәуірден бастап 89 гектар аумақты өрт шарпыды. Оның 82 гектары өшірілгенімен, батпақты жерлерге бару мүмкін болмай отыр. Сол себепті өрт тез таралып кетті. Тілсіз жаудың шығу себебі өрт жойылғанша анықталады. Қазір 70 адам өртті өшіруге жұмылдырылған», - деді Атырау облыстық ТЖД басшының орынбасары Жасұлан Ақтайұлы.

 Каспий теңізінің Атырау облысы аумағында жағалауында судың кері қайтуы салдарынан қураған қамыстар түрлі жағдайда жануы жыл сайын тіркеледі. Сәуір айының алғашқы күндеріне бері жанып жатқан өрттің себебі әзірге нақты белгісіз. Болжам бойынша оған адамдың әсері болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта Атырау жұртын Каспий жағалауындағы судың кері қайтуына байланысты қураған қамыстардың өртенуі алаңдатып отыр. Өрт көбіне адамдың салғырттығынан болады.

«Ақжайық» табиғи резерватындағы өрт бірінші сәуір күні кешке басталған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты өртті сөндіруге келесі күні кірісті. Желдің күшеюі мен судың тартылған аумағына техника бара алмай жатыр», - деді «Ақжайық» табиғи резерватының бөлім басшысы Ғани Ағыбаев.

Сонымен бірге, өрттің салдарынан жануарлардың қырылуы туралы дерек әзірге белгісіз. Ал құстардың әлі ұя салмауына байланысты шығыны жоқ екенін «Ақжайық» табиғи резерватының басшысы сенімді түрде атап өтті.  Ал ауаның ластануы салдарынан атыраулықтар көшеге шығудан қалғанын әлеуметтік желіде жазып жатыр. Қалың тұман секілді қаланы басқан қою түтіннен арылу әзірге мүмкін болмай отыр. Ал түтіннен уланғандар әзірге тіркелмеген.

«Қою  түтіннен улану созылмалы ауруы бар науқастарда болуы мүмкін. Өкпе-тыныс алу жолдары ауыратын адамдардың дерті асқынып, түтін оған тікелей себеп болады. Оның алдын алу үшін үйде терезелерді жауып, көшеде бетперде киіп, үйде кондиционер қосып, ауаны ылғалдандырып отыруы керек. Атырауда диспансерлік есепте тұрған науқастар жүз отыз мыңның шамасында. Өкпе-тыныс алу ауруымен өзіміздің емханада жеті мыңнан асады. Оның ішінде өкпе бойынша жүзден астам адам ауырады. Өрт басталғалы тек ауаның ластануынан екі адам шағым білдірді. Ал жедел жәрдемге қоңырау шалғандар тіркелмеді», - деді  Атырау қалалық №7 емханасының басшысы Гүлнафис Танбаева.

Байланысты жаналықтар

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

02.04.2025

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

02.04.2025

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

29.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

23.03.2025

Соғыс кезінде теміржол салған. Атыраулық әже 100 жасқа толды

11.03.2025
MalimBlocks
"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атырауда Туды қорлап, суретке түскендерге қатысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен

Соғыс кезінде теміржол салған. Атыраулық әже 100 жасқа толды

Ауыр рельстерді қолмен төсеген