«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы облыстарда жүзеге асуда

Malim Админ

  • 26.07.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауда айтылған тапсырмаларын орындау аясында бірқатар ілкімді жұмыс жалғасын табуда.  Жақында  Солтүстік Қазақстан  аймағында  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»    жобасы  жүзеге  аса  бастады.   Ұлттық жоба бойынша 2   жылда   елді мекендерді,   оның ішінде  тым шалғайда жатқан ауылдар     медициналық  жабдықтармен  қамтылмақ.   Сонымен қатар,  аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелердің қатарына қосады және ауылдарға жасалатын  медициналық жәрдемнің  өзге де  бағыттарын дамытады. Алдағы екі жыл ішінде  655 медициналық объектінің құрылысын жүргізу жоспарланған.  

Қазіргі кезде  99 медициналық нысанның  монтаж-құрылыс  жұмыстарын   жүргізуге  қомақты қаржы  бөлінді.Солтүстік қазақстан облысында  ұлттық жобаға сай  7 МСАК нысаны бойынша құрылыс жұмыстары көзделіп отыр.     

Осыған орай өңірде    7 медицина  объектісінде  құрылыс-монтаждау жұмыстары бастау алды.  Олардың қатарында   Привольное ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер,  Жамбыл ауданының Кладбинка ауылындағы медициналық пункт,  Ғабит Мүсірепов атындағы Тахтаброд және  Қызылжар ауданының Прибрежное және Якорь елді мекендеріндегі,  Мағжан  Жұмабаев  ауданының Возвышенка және  Қарақоға атты ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары бар.  Аталмыш жоба Қызылорда облысында да іске асырылуда.   «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»  жобасы елді мекендерде  медициналық жәрдем мен   инфрақұрылым  сапасын көтеруге  бағытталған.  

Биыл  ұлттық жобаны жүзеге  асыру бойынша  жалпы республика  көлемінде 99 медициналық нысан  құрылысына ақша  бөлінді. Қазір  облыста құрылыс жұмыстары қарқын алды.   15 МСАК нысаны бой көтермек.  Мәселен, жуық  арада Қармақшы, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандарындағы   бірнеше ауылда    дәрігерлік амбулаториялар мен медпункттер  ел игілігіне берілмек.    

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін