Басты міндет – экономика өсімін қалпына келтіру

Malim Админ

  • 19.05.2020

Кешенді жоспар қолда бар. Енді экономика өсімін бұрынғыдай қалыпына  келтіру ғана қалды. Осы екі ауызбен сейсенбіде өткен үкіметтің селекторлық отырысына қорытынды жасауға болады.  Онлайнда отырып, офлайндағы экономиканың тамырын басқандар үкімет жетекшісі Асқар МАМИНДІ баяндамаларымен таңқалдыруға тырыспаған да секілді. Бірақ, жоспар мен орындалуы тиіс межелі цифрларға ерпін бере оқыған кездерінде премьер-министрдің елең еткізуге барынша тырысқандай көрінді.

Алайда, Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Қазақстан ет-сүт одағы қауымдастығының басқарма төрағасы И. Сауэр, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Р. Баталов, Қазақстан машина жасаушылары одағының төрағасы М. Пішембаев, «KazakhmysCopper» басқармасының төрағасы Б. Қырықпышев, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметовтер жасаған баяндамалардан Асқар МАМИННІҢ қабағы ашыла қоймады. Соған қарағанда не премьер-министрдің қабағы ауыр, не экономикаға түсіп тұрған жүктің салмағы ауыр.

Сондағы үкіметтің жоспары қандай? Жоспары шынымен де, іске асыруын айтпағанда басынан аяғына дейін оқып шығуға шыдамдылықты қажет ететін нағыз кешенді жоспар-ақ. Жоспардың бағыты бар болғаны он бағыт болғанымен 172 жүйелі әрі салалық шараларға бөлініп, атқарылуы тиіс істер үтір-нүктесіне дейін нақтыланып кетеді. Іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыру дегендей айтуға оңай, атқаруға қиын шаралар барлық мүдделі тараптар мен бизнес-қоғамдастықпен, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық қауымдастықтармен талқыланғанын ескерсек, осыншама көп жиын мен талқылаудан нақты нәтиже күтуге тұрарлық іс біткендей. Премьер-министр сонда да нақты іс көрмейінше қабағын көтермейтіндей кейіп танытты.

«Аса маңызды салалардың бәрін және отандық бизнес қызметін жандандыру бойынша практикалық іс-шараларды қамтуы тиіс», — деді А. Мамин.

Әдетте үкімет жоспарына шараларды енгізудің өзі бір жұмыс. Ал жоспарға енгізілген шараға қаржы табу өзінше бір жұмыс. Мынандай карантин мен әлемдік дағдарыстың кезінде бұл жұмыстың машахаты бұрынғыдан да көп. Бірақ, қиындықсыз жол жоқ. Үкімет басшысының сөзінше, барлық қаржыландыру және жеңілдікті несие беру тетіктерін, оның ішінде микробизнес тетіктерін едәуір кеңейтуді, экспорттық шығындарды кепілдендіру мен өтеуде барлық мүмкіндікті барынша қолдану міндент. Форвардтық және ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу практикасы енгізілмек. Жүктеме азайтылып,  салықтық әкімшілендіру жеңілдетілмек, салықтар мен қарыздар бойынша преференциялар мен төлемді кейінге шегерілмек, жекелеген айыппұлдар мен алымдар алынып тасталады, ал әкімшілік кедергілер азайтылады.

Тұрғын үй құрылысы нарығында сұранысты ынталандырудың, отандық өндірісті және қызмет көрсету саласын қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілмек.

«Жалпы,  кешенді жоспарда көзделген шаралар бірқатар салалардың белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл салаларда 6 млн-нан аса адам жұмыспен қамтылған», — деді премьер-министр.

Алты миллионнан астам дегеніңіз Қазақстандағы еңбекке қабілетті жандардың тең жартысынан көп екенін ескерсеңіз, кешенді жоспар былай айтқанда, экономиканы не болдыратын не «болдыртатын» бастама болғалы тұр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлемдік және ұлттық экономикадағы жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді. Ол институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтитын елдің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық бағытының негізгі бағыттарын айқындайды», — деп А. Мамин, осы жылдың 1 шілдесіне дейін құжаттың жаңа редакциядағы жобасын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ,  қарамағындағы министрлерге, облыс әкімдеріне жоспардағы іс-шараларды мерзімімен сапалы атқаруға қатаң тапсырма берді.

 

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

21.11.2024

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

15.11.2024

В Шымкенте к природному газу подключили еще один населенный пункт

14.11.2024

Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

13.11.2024

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

13.11.2024

Ұлттық банк ескі 5 000 теңгелік банкноталарға қатысты мәлімдеме жасады

11.11.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

Ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді

В Шымкенте к природному газу подключили еще один населенный пункт

Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Ұлттық банк ескі 5 000 теңгелік банкноталарға қатысты мәлімдеме жасады