Бекшин: Алматыда "үнді" штамы анықталды

Malim Админ

  • 23.06.2021

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда "дельта" штамы анықталғанын мәлімдеді.

"10 күнде Алматыдағы вирус мутациясын анықтауға арналған 63 зерттеу жасадық. Оның ішінде 90 пайызға жуық зерттеу нәтижелері "британ" штамы болып шықты. Екі сынамада "Оңтүстік африка штамдары анықталды. Оң нәтижесі шыққан науқастардан барлық зерттеу нәтижелерін мутациядан өткен штамға тағы зерттеп шықтық. Кеше 9 сынаманың бір сынамасында "дельта", яғни "үнді" штамы анықталды. Бүгін таңертең тағы қосымша зерттеу жасаған кезде толығымен "дельта" штамы анықталғанына көз жеткіздік", - деді Жандарбек Бекшин онлайн брифингіде.

21 маусым күні Денсаулық сақтау министрлігі  Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы деңгейінің күрт өсуіне байланысты КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізіп, нәтижеде «Дельта» штамына («үнді» штамы) тән мутацияға күдікті жағдай анықталғанын хабарлады.
"Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жататынын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады", - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік "дельта" штамының жұғу қаупі 60 пайызға жоғары екенін ескертеді.

«Дельта» коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Бұл ретте, індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «үнді» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған.


 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін