Бішкектегі қазақстандық балалар әскери ұшақпен елге жеткізілді

Malim Админ

  • 24.03.2020

24 наурыз жергілікті уақытпен сағат 7.00-де Атырауға Бішкектен әскери ұшақ келіп қонды. Ұшақ бортында 21 жолаушы болды. Оның 11-і – ана, ал, 10-ы - церебралды сал ауруымен ауыратын балалар, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі. Олар Қырғызстанда екі апта ем алған. Бірақ, әуе рейсі тоқтатылып, елге қайта алмай қалған.

«Балаларды тасымалдау үшін айрықша жағдай қажеттілік туындады. Сондықтан, бұл іске ҚР Қорғаныс министрлігінің авиациясы тартылды» -деп мәлім етті ҚР ҚМ Қырғызстандағы әскери атташесі, полковник Ахтан Әбілдаев.

Елге оралғандардан арнайы аймақта коронавирусқа жедел тест алынды. Тест қорытындысы 7-8 сағат ішінде белгілі болады. Егер тест теріс нәтиже көрсетсе, аталған ұшақ жолаушылары үйіне жіберіледі.

«Бішкек әуежайында да жан-жақты тексеруден өттік. Дене қызуымызды өлшеп, өзіміздің де, балалардың да жағдайын қарады. Қауіпті дерттің белгісі байқалған жоқ. Бұл тест те теріс нәтиже көрсетіп, үйімізге баратынымызға сенеміз» - дейді ерекше баланың анасы Венера Әділова.

Арнайы аймақ тамақ, гигиеналық құралдармен, киімдермен қамтылған. Бұл шара коронавирустың таралмауына бағытталды.

«Бішкектен келген 11 ана мен 10 балаға Атырау облыстық әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта облыс әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, жолаушылар жан-жақты бақылауға алынды» -деді Атырау облысы әкімінің орынбасары, арнайы комиссия төрағасы Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетейік, бұған дейін сал ауруына шалдыққан балалар мен олардың аналары Қырғызстаннан елге қайта алмай қалғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz

 

Байланысты жаналықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

28.11.2023

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28.11.2023

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

28.11.2023

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

27.11.2023

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

27.11.2023

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Мұндай әрекетке барған адам келесіде ауыр қылмыс жасайды

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

Орал қаласындағы жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің оқытушысы әрі екінші курс студенттерінің кураторы Айгерім Жасталапқызы кәмелет жасына толмаған (16 жас) студенттерге арақ, вино ішуге рұқсат берген. Мұны растайтын аудиофакт Malim.kz  редакциясына келіп түсті.

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов 10 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды.

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

Оқиға Назарбаев даңғылы бойында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған