Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

«Алтайдың кербұғысы» атанған жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай Шыңғыстай ауылында Оралхан Бөкей музей үйі ашылады.

Malim Админ

  • 22.08.2023

Шығыс Қазақстан туралы әңгіме қозғалса, сол топырақтан шыққан талантты жандарды – әрісі Абай мен Шәкәрімді, берісі Оралхан Бөкейді еске алмай кету мүмкін емес. Биыл қазақ әдебиетіне «Қар қызы», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Атау кере», «Тортай мінген ақбоз ат» сынды өшпес шығармалар сыйлап, «Алтайдың кербұғысы» атанған жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады.

Оралхан Бөкей туған ауылынан Алматыға оқуға аттанарында «Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін» деген. Мақсатына жеткен де сияқты. Өйткені Оралханның шығармаларын оқыған адамда Қатонқарағайды көрсем деген арман пайда болары сөзсіз.

Осы ретте Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры жазушының 80 жылдық мерейтойын атап өту бастамасын көтерді. Мерейтой аясындағы басты іс-шара – жазушының туған жері Шыңғыстай ауылында Оралхан Бөкей музей үйінің ашылуы. Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры Оралхан Бөкей тұрған үйді сатып алып, музей жасақтап жатыр. Қаламгердің балалығы өткен үй жеке заттарымен, естелікке толы жәдігерлермен толықтырылып, мерейтойға қарсы есігін ашпақ. Бұл музейдің аймаққа келушілерге катонқарайғалық талантты өреннің шығармашылығын насихаттауға үлес қосатыны анық.

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының басшысы Серік Жүнісов «Катонқарағай жеріне келген әр туриске тарих, осы топырақта туған ұлы тұлғалардың өмірі қызық. Көбі Оралхан Бөкей жайында сұрайды. Өйткені Орекеңнің шығармаларын мектеп қабырғасынан білеміз. Бірақ Оралхан Бөкей музейі бірнеше жылдан бері жұмысын тоқтатып, жабылып қалған еді. Қорымыздың негізін қалаушы, құрылтайшысы Серік Толықпаевтың қаржылай қолдау білдіруінің арқасында үй сатып алынып, көпшілікке мұражай ретінде ұсынылып отыр. Оның үстіне, бүгінде музей мемлекет балансына берілді. Бұл бәріміз үйренген мұражайлардан әлдеқайда ерекше болмақ. Өйткені  бұл – Оралхан Бөкейдің балалығы өткен үйі,  жазушының қалыптасуына куә болған қабырғалар. Енді сол рухани орта көпшілік үшін қызмет ететін болады»,- дейді қор басшысы.  

суретте: жазушы Оралхан Бөкейдің музей үйі

Республикалық деңгейде тойланатын мерейтойға Мәдениет және спорт министрлігі, Катонқарағай ауданы әкімдігі, республикалық Жазушылар одағы қолдау көрсетуде.

«Бұған қоса республикалық деңгейдегі Қатонқарағай кәсіпкерлерінің 56 млн теңге көлемінде қаражат жинағанын атап өткім келеді. Олардың қатарында AITAS холдингі, «ШығысАгроХолдинг», «Астана Бизнес», «Терезе», «ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ, «Қатонқарағай ПДУ», «Мұз Тау» кешені, «Өскемен диірмен комбинаты», «Жанат» емдеу-сауықтыру кешені, «Damu Development Group», «Alash Qurylys QZ», «Понедельник плюс», «Elcontech Qazaqstan» компаниялары мен «Ел-шежіре» қоры бар. Бұл ел ағаларының халыққа, елдің рухани құндылығына деген жанашырлығын көрсетсе керек.  

Жалпы, жыл сайын Қатонқарағай кәсіпкерлерінің бірігіп, үлкен салтанатты іс-шара өткізуі игі дәстүрге айналып барады», - деді Серік Жүнісов.

Сонымен нақтырақ тоқтала кетсек:

25 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында Оралхан Бөкей музейінің ашылу салтанаты, пленэр өтеді. Дәл сол күні Қатонқарағай ауылында 80 жылдыққа арналған той, бәйге ұйымдастырылмақшы.

Әрі қарай іс-шара Астана қаласында жалғасын табады.

15 қыркүйек күні Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда «Өз отыңды өшірме» атты дөңгелек үстел, жастар театрында «Қар қызы» спектаклі қойылып, Хазірет Сұлтан мешітінде ас беріледі. 

Содан кейін 28 қыркүйек күні Алматы облысы Кеңсай ауылында құран оқытылып, ас беріледі. Сол күні Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында конференция және 30 қыркүйек күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында аламан айтыс өткізілетін болады.   

Қазақ әдебиетіне серпіліс әкелген қаламгерлеріміздің еңбегін елеп, республика көлемінде атап өту – ұлт руханияты үшін маңызды. Мұндай іс-шаралар келер ұрпаққа тарихты, әдебиетті дәріптеуге, насихаттауға қосар үлесі зор.

 

Байланысты жаналықтар

Жыршы-термешілер орталығы жұмысын бастады

11.03.2024

ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ... яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі

02.12.2022

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

19.08.2022

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

02.08.2022

Дидахмет Әшімханұлы. Құдайсыздар

06.03.2021

Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?

11.11.2020
MalimBlocks
Жыршы-термешілер орталығы жұмысын бастады

ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ... яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі

Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүддәмалда қалмасын деп.

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

Шығармашылық ісіне рудың қаншалық қатысы бар?

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

Кешелі бері Ақсуаттағы айтыстағы Зайытов пен Байтуов жұбы хит болып жатыр. Жұрт "Ринат шындықты айтты" деп шулап жүр. Ол қандай шындық деп, айтысты арнайы көрдік. Адамның сөзі заманмен бірге өзгере береді екен.

Дидахмет Әшімханұлы. Құдайсыздар

Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?