Бозашы мұнайшылары талап етіп жатыр (видео)

«Buzachi Operating Ltd» компаниясының жұмысшылары еңбекақыларын көтеруді талап етті деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

  • 15.10.2021

Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кешенінде еңбек ететін жұмысшылар әр жерде өз наразылықтарын жиі білдіріп жүр. Осыдан екі күн бұрын ғана Жаңаөзенде «КЕЗБИ» ЖШС жұмысшылары әріптестеріне алаңдаушылық білдіріп, жұмысты тоқтатса, бүгін  «Buzachi Operating Ltd» компаниясының жұмысшылары еңбекақыларын көтеруді талап етті деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

 

Талап қойып, үндеу жолдағандар мұнай бағасының көтерілуін айтып, айлық еңбекақы көлемін өсіруін сұрап отыр.  Мемлекет басшысына үндеу жолдаған жұмысшылардың талабына қатысты «Buzachi Operating Ltd» компаниясының басшылығы жазбаша ғана пікір білдірді. 

«11 қазан күні компанияның бас директоры атына кәсіподақ төрағасы атынан жұмыскерлердің жалақыларын көтеру туралы жазбаша талабы қосылған хат түсті. 

Кеше компания кәсіподағының төрағасының атына қазан айының 18-де келіссөздер процесін бастау және қол жеткізген уағдаластықтарды қолданыстағы ұжымдық келісімшарттың мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында өтуіне байланысты жаңа ұжымдық келісімшартта бекіту туралы ұсынысымен жауап хат жіберілді.  

«Buzachi Operating Ltd» барлық жұмыскерлерінің жалақысы жыл сайын Ұлттық Банкімен белгіленген инфляцияның ресми мөлшерлемесіне сәйкес индекстеленетін атап өту қажет.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтар айынан бастап индекстеу шарттарынан басқа, кәсіподақпен жасасқан келісімге сәйкес компанияның барлық жұмыскерлерінің жалақысы елеулі түрде көбейтілді.

Былтыр мамыр мен желтоқсан айлары аралығында мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты өндірістік сыйлықақы 50 пайызға төмендетілді. 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін сыйлықақы 100%  мөлшерде төленіп келеді.

«Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы толық мөлшерде ұжымдық келісімшартпен белгіленген міндеттемелерін орындап келеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қатаң сақтайды»,- деп жазылған компания таратқан ақпаратта.

Қазіргі үндеу жолдағандар жұмыс орындарында өз міндеттерін атқарып жатыр. Құрылымдық бөлімдердің басшылары жұмыскерлер арасында жұмыс берушінің кәсіподақпен келіссөздер процесін бастауға ұсынысы туралы түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатқанға ұқсайды. Өндірістік жұмыс қалыпты жағдайда жалғасып, Солтүстік Бозашы кен орнында ереуіл, басқа да наразылық акциялары байқалмаған.

Енді жұмысшылардың үндеуіне қатысты биліктің қандай нұсқау беретіні әзірге белгісіз. «Еңбекақыны көтеру талабы өзгеріссіз қалған жағдайда не істейсіздер?» дегенді сұрамақ болып компанияның бірқатар жұмысшыларына телефон соққан едік. Алайда, олар «бар ойымызды бейнеүндеуде айттық» деп пікір білдіруден бас тартты.

Қыркүйек айының соңында Маңғыстау облысына арнайы сапармен барған

президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы өңірде еңбек дауы өршіп тұрғанын, елдегі еңбек дауының 80 пайызы осы аймақтан екенін мәлімдеген еді. «Елімізде еңбек дауларының 80 пайызы Маңғыстау облысында болады. Жыл басынан бері өңірде осындай 150 дау туындады. Оның 130-дан астамы мұнай-газ секторында. 8 ірі кәсіпорын дағдарыс алдында тұр. Қазір жұмыс азайып жатыр. Соның салдарынан 1,5 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұлардың барлығы мұнай саласында қызмет көрсететін компанияларда істейді. Біз былтыр бірдей қызмет атқаратын жұмысшыларға төленетін жалақы да бірдей болуын заң жүзінде міндеттедік. Оларға өндірісте және тұрмыста тең жағдай жасалуын талап еттік. Әкімдік құзырлы органмен бірлесіп, еңбек заңнамасының сақталуына қатаң бақылау жасауы керек» деген. Сондай-ақ президент «...Кейбір жеке компания басшылары жұмысшыларын ереуілге әдейі итермелейді. Бұл компаниялардың тізімі менде бар. Мақсаты халықты қалқан етіп, мемлекеттен ақша алу. Біз мұны білеміз. Олар бөлінген қаржыны жұмысшыларға бермей, өз қалтасына басады. Мұндай қитұрқы әрекеттің жолын кесу керек. Осындай компанияларға аудиторлық және тағы басқа тексеріс жүргізу керек. Жұртты арандатып, мемлекетке қоқан-лоқы көрсетуге болмайды. Бәрі заң аясында жасалуға тиіс» деп те айтқан.

Ал осы айдың басында президенттің тапсырмасымен үкімет Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарын мақұлап,  2025 жылға дейін 2,1 трлн теңге бағыттауды жоспарлаған болатын.

Әліби Ерқосай, Ақтау қаласы.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

03.12.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

29.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

29.11.2024

Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне 5 елдің басшылары қатысады

26.11.2024

Елімізге мемлекеттік сапармен Ресей Президенті Владимир Путин келетін болды

25.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

19.11.2024
MalimBlocks
Тоқаев Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне 5 елдің басшылары қатысады

Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ

Елімізге мемлекеттік сапармен Ресей Президенті Владимир Путин келетін болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді