Цой: Алматы, Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе облысында "британдық" штамм анықталды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Алматы, Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе облысында вирустың "британдық" штамы анықталды.
"Коронавирус инфекциясы анықталған 265 сынамасын зерттеп, "британдық" штамға тән 12 мутацияны анықтадық. Оның 8-і – Алматыда, үшеуі – Ақтөбе облысында, біреуі – Нұр-Сұлтанда, сегізі сырттан келген", - дейді Цой.
Бес адам "британдық" штамды Біріккен Араб Әмірлігінен, үшеуі Египеттен әкелген.
Сонымен қатар, Цойдың айтуынша, еліміздегі төрт аймақтан өзге (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа) өңірлердің бәрінде "британдық", "оңтүстікафрикалық" және "бразилиялық" штамдарға тән мутация ықтималдығы анықталды.