Дархан Қыдырәлі еркектер айтқысы келмейтін мәселені көтерді

Әлихан Смайлов жұмыстағы қыз-келіншектерді зорлықтан құтқара ма? Сенат депутат Дархан Қыдырәлі премьер министр Әлихан Смайловқа жұмыс орнындағы харассмент бойынша депутаттық сауал жолдап, бұған қатысты заңды күшейту керектігін айтты. 

Есенжол Елекенов

  • 16.11.2023

Дархан Қыдырәлінің сөзінше, соңғы үш айда қыз-келіншектерге зорлық-зомбылық көрсету төрт есе көбейген. Мысал ретінде Біріккен ұлттар ұйымы мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген зерттеуді алдыға тартты. Онда респонденттердің (қыз-келіншектер – ред) 51 пайызы жұмыс орында харассмент пен зорлықтың бар екенін растаған. 
-Харассментке ұшыраған әйелдердің 57,6 пайызы мұндай әрекеттің бірнеше рет болғанын атап өткен. Бұл орайда харассменттің белгілі бір тұлғаға физикалық қана емес, менталды немесе эмоциялық қысым көрсетуі екенін ескеру қажет. Зерттеу көрсеткендей, харассмент жиі болатын жерлер – тұрақты жұмыс орны (41%) және корпоративтік іс-шаралар (38%). Азаматтардың уақытының көп бөлігі жұмыс орнында өтетінін ескерсек, бұл алаңдарлық жайт. Елімізде харассменттің алдын алатын арнайы заңның болмауы да үлкен мәселе. Жазаланбай жеңіл құтылатынын білетіндер түрлі жүгенсіздікке барады, қылмысты қымсынбай жасайды. Сондықтан азаматтарымызды зорлық-зомбылық мен харассменттен қорғауда заңнаманы күшейту кезек күттірмейтін іс, - деді депутат Дархан Қыдырәлі премьер министрге жолдаған сауалында.
Сенатор өзін толғандырған бірнеше сұрақты үкімет жетекшісіне қойып өтіпті. Онда ол шыны керек, ер азаматтар айтықсы, көтергісі келмейтін мәселені қозғайды. 
-Қазақстан заңнамаларында, атап айтқанда қылмыстық, еңбек, әкімшілік кодекстерде жұмыс орнындағы харассмент немесе зорлық-зомбылық ұғымдарын енгізу, мұндай заң бұзушылықтарға қарсы тиісті жазаны белгілеу қай деңгейде жүргізілуде? Еліміз халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен харассментті жою туралы» Конвенциясына қашан қосылады? Жалпы харассметке немесе зорлық-зомбылыққа қарсы кешенді іс-шаралар жоспары бар ма?-деп сұрайды депутат.
Сенатор көтеріп отырған бұл мәселе яғни, жұмыстағы қыз-келіншіктерге басшылары тарапынан түрлі қысым көрсету қазақ қоғамында бар, бірақ, ашық айтылмайтын мәселенің бірі.
 Айта кетерлігі, Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрлі болып тұрған кезінде өзі бастама көтеріп, министрлік қызметкерлеріне харассменттен ада болуға үндеу жариялаған. Бұрын соңды мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар мұндай бастама көтерген емес. 
Соңғы күндері қазақ қоғамында қыз-келіншектерге зорлық, зомбылық көрсету тақырыбы қызу талқыланып жатыр. Әдетте күнде орын алып жатса да,  айтылмайтын, мән берілмейтін бұл мәселе экс-министр Қуандық Бишімбаевтің әйелі Салтанат Нүркенованы өлтіру бойынша күдікке алынуы, Талдықорған қалалық полиция басқарамасы басшысы Марат Күштібаевтың (қазір тергеу қамауында отыр) «кабинетінде қыз зорлады» деген айыптарынан кейін ғана қоғамда ашық көтеріліп, айтылып жатыр. 
Осы ретте белсенді азаматтар қыз-келіншектерге,  әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетугілерді заңды өзгертіп, қылмыстық жауапкершілікке тартуға үндеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялап, онлайн-петицияда қол жинап жатыр. Оған бір күннің ішінде 100 мыңнан астам азамат қол қойған.  Бұл петицияға мына сілтеме арқылы өтіп, https://www.otinish.kz дауыс бере аласыз. Ескерте кететіні, телефон нөмірін жазған кезде 8 емес,7 санынан бастау керек. 

Байланысты жаналықтар

Павлодарда кәмелет жасына толмаған қызды өгей әкесі зорлап келген

19.11.2024

Еліміздегі балалар суицидінің орташа жасы – 15-17 жас

22.09.2024

Әйтеновтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

15.07.2024

Қазақстанда харассмент үшін жаза енгізілмек

14.06.2024

Құран үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлаған

13.06.2024

Павлодар облысында кәсіпорын директоры әйелін бірнеше жыл бойы ұрып-соққан

03.06.2024
MalimBlocks
Павлодарда кәмелет жасына толмаған қызды өгей әкесі зорлап келген

Бұл жағдай сынып жетекшісінің арқасында белгілі болып отыр

Еліміздегі балалар суицидінің орташа жасы – 15-17 жас

Балалар суициді мәселесі арнайы кеңесте қаралды

Әйтеновтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Қазақстанда харассмент үшін жаза енгізілмек

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты заңда 16 жасқа толмаған балаларға жыныстық қатынаста тиісу үшін ғана жаза қарастырылған

Құран үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлаған

Екі қыз мұғалім оларды жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлегенін айтты.

Павлодар облысында кәсіпорын директоры әйелін бірнеше жыл бойы ұрып-соққан

Оның полиция мен денсауық сақтау саласында таныстары болған.