Семейдегі оқушылар оқиғасы: мектеп директоры қызметінен босатылды

Арман Қайыпхан

  • 26.02.2025

Абай облысының білім басқармасы тәрбиелік жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін қолданылған шаралар жөнінде ақпарат таратты, деп жазады Malim.kz.

Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері және мектеп психологтары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

№15 мектептің директоры мен Ш. Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер лицей-интернатының басшысына сөгіс жарияланды.

№9 мектептің директоры қызметінен босатылып, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

Еске салсақ, Семейде аса қатыгездікпен жасалған оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 24 ақпанда әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің баланы жерге құлатып, тепкілеп, оның басынан теуіп, үстіне секіріп, түрлі жолмен қорлаған видеосы тарады.

Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ оқиғаны ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Барлық қатысушылар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, ал зардап шеккен жасөспірімге қажетті көмек көрсетілген.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025
MalimBlocks