“Digital Almaty-2024” форумында Смайылов не деді?

Алматыда өтіп жатқан “Digital Almaty-2024” форумында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ЕАЭО елдеріндегі ІТ-нарықтардың дамуына мультипликативті әсер беру үшін сенімді серіктестік алаңы қажет екенін айтты.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшыларының қатысуымен өтіп жатырған халықаралық форумның пленарлық сессиясы жалғасуда. Пленарлық отырысқа дейін Үкімет басшылары халықаралық форумның цифрлық көрмесімен танысты.
Көрмеде 300-ден астам отандық және халықаралық компанияның, цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған.
Олар бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО елдеріндегі макроэкономикалық ахуалды және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды талқыламақ.
-Қазақстандағы мысал – Astana Hub. Ол жергілікті ғана емес, аймақтық белсенді ойыншыға айналды. Оның преференциялар түріндегі институционалдық базасы Google сияқты бағдарламалар IT нарығын белсендірудің нақты драйверлеріне айналды. Қазіргі уақытта 10-нан астам елдің 1 мыңнан астам тұрғыны IT өнімдерін экспорттау арқылы 16 мың жұмыс орнын ашты,- деді жиында Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен ІТ нарығын біріктіретін экожүйені құрған. Ол индустрия 4.0, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы қауіпсіздік шаралары, геология, металлургия салалары құны 36 миллион доллардан асатын 187 жобаны қаржыландырғанын жеткізді.
-Қазақстанда мемлекеттік басқару цифрлық трансформациялау жолымен жүріп жатыр. Бүгінде біз FinTech және GovTech сияқты салаларда әлемдік жетекші жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Біздің еліміз цифрлық шешімдердің күнделікті өмірге енуінің жоғары деңгейіне қол жеткізді. Бұл мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында мүмкін болды. Цифрландыру – елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі,-деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.
Форумға Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшылары – Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстанның үкімет басшысы Абдулла Арипов және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып жатыр.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.