Елімізде 400-ге жуық жайлы мектеп салынады

  • 01.03.2023

 

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы президенттің тапсырмасы бойынша мектеп инфрақұрылымын жаңғырту үшін әзір­ленгені бәрімізге аян. Оның аясында 842 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы оқу орындарының  құрылысы көзделген. Жайлы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және басқа да  заманға сай жабдықтармен толық жабдықталады. Бұл жоба көп жылдар бойы шешілмей келе жатқан үш ауысымды оқу, мектептерде орын тапшылығы және аппатты мектептер үшін арнайы бағытталған. Соңғы он жылда тарихта болмаған рекордттық көрсеткіштер орын алды. Мәселен, оқушы саны 1 миллионға жетіп, қазіргі таңда 3,7 миллионды көрсетіп отыр. Бұған әсер етіп отырған факторлар (урбанизация, туу көрсеткіштері, миграция, тозығы жеткен мектептер) да ескерусіз қалмады. Жобаның мақсатында 2025 жылға дейін 401 мектеп салынады, бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінбек, және сыбайлас жемқорлық бойынша ұсталғандардан өндірілетін қаржыны да осы мақсатта жұмсауды көздеп отыр.

 Елімізде 1986 жылдары салынған мектептердің әлі күнге қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқаны, ауылдық жерлерде интернеттің тапшылығы, стандартқа сай емес жағдайда жұмыс істеп отырған мыңдаған мектептердің болуы қынжылтады. Жобаны іске асыру кезінде осы мәселелер де ескеріледі.

Ауылдық жер мен қаладағы оқушы жағдайының тең болмауы, жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттердің жеткіліксіздігі, стандартқа сай емес мектептер мәселесінің алдын алу да көзделіп отыр. «Жайлы мектеп» жобасының жайлылығы – мектептер жоғарғы талаптарға сай салынады, санитарлық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес болады, ауылды жерлер және қалалық мектептер жағдайы мен талаптарының тең болуы, пәндік сыныптар, зертханалар, шеберханалар болады. Бастауыш сыныптар мен жоғарғы сыныптарға арналған блоктар, әр блоктардың жеке асханасы мен спорт залдары болады, оқушылардың зілдей сөмке тасымауына да жағдай жасалынады, бұл мақсатта жеке заттарын мен кітаптарын сақтайтын шкафтар салынбақ. Мұғалімдерге бұл жобаның іске асуы оқушыға сабағын тереңдетіп оқуға, сапалы білім алуына, заманға сай оқу құралдарын пайланануға кеңінен мүмкіндік береді. Жаңа мектептер үшін мұғалімдер даярланады және олардың біліктіліктерін арттыру жұмысы жасалып, 2026 жылға дейін 100 мыңға жуық мамандар даярлау жоспарланып жатыр. Ұлт болашағы қашан да өзекті мәселенің бірі болары анық. Жаңа заманғы талаптарға сай мектептердің салынуы, оқушыларымыздың жаңа технологияларды пайдалана алуы, мұғалімдеріміздің саналы, сапалы ұрпаққа қызмет етуі ұрпақ алдындағы басты міндетіміздің бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жобаның уақтылы іске асуын тапсырды. Енді жауапты орындар осы тапсырма аясында жұмыс істеп, алдағы уақытта елімізде жайлы, заманауи мектептердің көптеп салынуына күш салуға тиіс.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.