Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Аялдар Күнтуған

  • 25.01.2025

Американың жаңа президенті Дональд Трамп әлемдік саясатты қалай өзгертеді? Оның қатқыл геосаяси мәлімдемелерінің соңы қандай жағдайларға ұласуы мүмкін.  Сарапшы, журналист Амангелді Құрметұлы осы сұрақтар төңірегінде Malim.kz cұрақтарына жауап берді.

Халықаралық келісімдерге қауіп төніп тұр

Сарапшының пікірінше,  Дональд Трамптың сайлана салып халықаралық құқықтық нормаларды аяққа таптай бастауы қауіпті үрдіс. Оның ДСҰ-дан шығуы яки Халықаралық сотқа қатысты мәлімдемелері, Париж келісімінен шығуы көп өзгеріс болатынын көрсетеді.

Ең бастысы 1945 жылдан бері қалыптасқан түрлі халықаралық нормаларға күмән туады, онда Гага сотының Путинді немесе Нетаньяхуды тұтқындаймыз деген шешімдері түкке жарамайды деген сөз. Бұл бірінші кезекте халықаралық құқықтық нормалардың шайқалуына алып келеді. Екіншіден, оның қызметіне кірісерден бұрын Панама, Канада және Гренландияға қатысты айтқан мәлімдемелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесінің төртеуінде аймақтық қақтығысқа негізделген риторика пайда болғанын көрсетеді. Ресей онсызда ашықтан-ашық соғыс жасап жатыр. Ұлыбританияның Аргентинамен аумақтық таласы бар. Қытайдың Тайваньға қатысты ультиматумы бар. АҚШ-тың ешбір жерде аймақтық дауы жоқ. Супер державаның мұндай мәлімдемеге келуі БҰҰ-ны түбегейлі тұралатып тынуы мүмкін, – дейді сарашы.

Трамп Американы бірден-бір супердержава етіп көрсеткісі келеді

Оның сөзінше, Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі бұл ұйымның беделін түсіріп, қауқарын мүлдем кемітіп жатыр деген сөз, мұндай жағдайда орта державалардың аймақтық қақтығыстарды шешуде көзқарасы ешқашан назарға алынбауы мүмкін.Қақтығыс жағдайында кімнің қаржысы көп, сол елдің сөзі өтімді болады. Сарапшы бұл пікіріне Палестинаны тәуелсіз ел деп жариялауға консенсус болмағанымен түсіндірді.

Трамп тікелей әскери қақтығыстарды жақтамағанымен, мәселені бизнес келісімдері тұрғысынан шешіп үйренгендіктен, Иранға да, Израильге де біршама қысым жасап, жанжалды реттеуі мүмкін. Қазір Путинге қойып жатқан ультиматумының өзі, шындап келетін болса, жаңағы бизнестегі алпауыттардың әлсіз бизнесмендерге, партнерлеріне жасайтын қысымының үлгісіне ұқсайды. Трамп Американы әлемдегі бірден бір супердержава ретінде көрсеткісі келеді, дейді А.Құрметұлы.

Оның сөзінше, Трамптың іс-әрекетін болжау қиын. Оның кей қылығы Хрушевке ұқсайды. Ұрда-жықтығы бар. Сондықтан Трамптың келуінде үміт пен күдік аралас,  әсіресе Украинадағы соғысты Трамптың риторикасымен, айғай-шумен тоқтату қиын. Кемі жарты жылсыз бұл соғыс аяқталмайды. Себебі, Зеленскийдің, Украина халқының келіспейтін тұстары көп. Олар Ресей конституциялық жасанды реформа арқылы қосып алған аймақтарды мойындағысы келмейді. Сол себепті Украина халқы Трамп ұсынатын қандай да бір жобаға қарсы болу мүмкін.

Дональд Трамптың бұл әрекеттері Біріккен Ұлттар Ұйымын шайқап ыдырауына алып келсе, мен таңғалмас едім, – дейді сарапшы.

ХАМАС – жеке ұйым емес, идеология

Амангелді Құрметұлы Таяу Шығыстағы қақтығыс әл-әзір тоқтамайды деп санайды. Өйткені, ХАМАС – жеке ұйым емес, идеология. Сол себепті ол жердегі соғысты ешкім түбегейлі тоқтата алмайды және кез келген сәтте бұрқ ете түсуі мүмкін. Сондықтан ол Израильге қысым жасап, ХАМАС екеуіне келісімге келіңдер деп шарт қойғанның өзі уақытша жетістік. Бұл жерде келісімге келуге ХАМАС-тың өзі емес, Трамп командасы көндірген.

Мұнай бағасы түссе, Қазақстанға қиын болады

Мұндай кезде Қазақстан не істеуі керек? Сарапшының ойынша,

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының күшейгенін қалайды.  

Бұл жерде бізге Трамп саясатынан мұнайдың бағасына қатысты біршама күрделі жағдай қалыптасуы мүмкін.

Егер Трамптың үндеуіне Сауд Арабиясы жауап қатып, қолдаса, ОПЕК мұнай бағасын түсіретін болса бізге қиын болады. Өйткені мамандар Қазақстан мұнайын өндіру қымбат деп жиі айтады. Ал Сауд Арабиясы үшін ол проблема емес, – дейді сарапшы.

 

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

АҚШ күнде заңсыз миграттарды елден шығарып отырмақ

26.01.2025

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы құлай бастады

24.01.2025

«Дядя Дональдтан» жалынды сәлем!» Депутат Жаңбыршин ЛГБТ насихатшыларына тағы дүрсе қойды

22.01.2025

Трамптың инаугурациясы қалай және қашан өтеді?

16.01.2025

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады – сарапшы

15.01.2025

S.O.S.: ғаламдық ашаршылық үдеп барады

25.12.2024
MalimBlocks
АҚШ күнде заңсыз миграттарды елден шығарып отырмақ

Трамп тапсырмасына сай бұл жұмыс күшейтілмек

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы құлай бастады

Ол сол арқылы Украинадағы соғысты тоқтатқысы келеді

«Дядя Дональдтан» жалынды сәлем!» Депутат Жаңбыршин ЛГБТ насихатшыларына тағы дүрсе қойды

Ол «ЛГБТ насихатына қарсы петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек» дейді

Трамптың инаугурациясы қалай және қашан өтеді?

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады – сарапшы

Сондай-ақ, наурыздағы шешімінде де Ұлттық банк сол күйі қалдыратынын айтады

S.O.S.: ғаламдық ашаршылық үдеп барады