Алматылық тау кластері: Туристік жобалар қалай жүзеге асады?

Бұл мәселе бес жылдан астам уақыт бойы талқыланған

Malim Админ

  • 27.05.2025

Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматылық тау кластері Қазақстандағы алғашқы ірі төрт маусымға арналған туризм жобасы болатынын мәлімдеді. Аталған жобаның сөзсіз, болашағы зор және елдегі туризм саласының дамуына серпін береді деп көзделіп отыр. Алайда  бастаманың келешегіне күмәнмен қарайтындар да бар. Malim.kz Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы Андрей Кукушкинмен пікірлесіп, бұл маңызды жобаның қаншалықты жүзеге асатыны және оны іске асыру үшін мемлекет не істеуі керектігі жайында сөйлескен еді.


Мен бұл жобаның жүзеге асатынына сенемін. Ол аяқ астынан пайда болған, бір күндік жоба емес. Осы бағытта туризм саласының мамандары мен сарапшылары көп жылдан бері дайындалып келеді. Және дәл осы қалыпта оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар деп есептейтін сарапшылар көп, – деді Андрей Кукушкин.

Ол былтыр қыркүйекте Алматыда Алматылық тау кластеріне арналған халықаралық конференция өткенін еске салды. Халықаралық және отандық сарапшылар бұл жобаны жүзеге асыру қажет деген ортақ пікірге келген.

Жобаның негізгі идеясы – Алматы өңіріндегі тау туризмінің негізгі орталықтары Шымбұлақ пен Ойқарағайды заманауи аспалы жолдар жүйесімен байланыстыру. Бұл жүйеде әрбір негізгі шатқалда – мысалы, Кімасар, Бутаковка, Қатарбалақ секілді – ауысып мінетін станциялар болады. Бұл шатқалдардың әрқайсында кеңестік кезеңнен қалған ескі тау базалары бар, алайда оларға тиісті қаржы мен назар жетіспейді. Егер осы көтергіштер жүйесі іске қосылса, бұл базалар да дамиды. Туристер келе бастаған сәтте, оларға қызмет көрсету сапсы да жақсара бастайды. Яғни, демалыс, тамақтану, көлік қызметтері дамиды. Сол кезде біз екі жеке курорттың орнына бір үлкен және маңызды шаңғы аймағына ие боламыз, – деп түсіндірді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, бұл жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Және оның  іске асатынына сенімді. Қазіргі таңда алғашқы кезең – Медеуден Кімасар шатқалына дейінгі аспалы жолды жобалау және салу. Бұл аяқталған соң, құрылысшылар келесі кезеңге – Кімасардан Бутаковкаға дейінгі бағытқа көшеді. Яғни, бірден бүкіл ауқымды жобаны қолға алмай, біртіндеп, жоспарлы түрде іске асыру көзделіп отыр. Осылайша, жоба жүзеге асуы әбден мүмкін және оны жоғары деңгейде әрі жауапкершілікпен атқару қажет.

Кукушкин Алматылық тау кластерін ірі қысқы курорт ретінде дамыту идеясы бұрыннан бері айтылып келе жатқанын, бұл мәселе бес жылдан астам уақыт бойы талқыланғанын атап өтті. Қазір мемлекет тарапынан негізгі саяси шешімдер қабылданып, маңызды практикалық қадамдар жасалды. Мысалы, болашақ көтергіштер жүйесі ұлттық парк аумағында салынатын болғандықтан, бұл жерлердің қолданылуы мен меншікке қатысты нақты шешімдер қабылданды.

Менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім – барлық жерлер мемлекет меншігінде қалады. Жоба да мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады, бақылау мемлекет тарапынан болады. Сондықтан бұл жерде жеке коттедждердің заңсыз құрылысы жүргізіледі деген қауіп жоқ. Жер – мемлекеттікі, жоба да – мемлекет бақылауында. Бұл өте дұрыс, – деді ол.

Алматылық тау кластерін дамыту үшін қажетті инфрақұрылым салу керек, әзірше ол жүзеге аспаған.

Мемлекет не істеуі керек? Уәде етілген қаржыны толық көлемде әрі уақытында бөлуі тиіс. Біз көрген жобалық презентацияда негізгі инфрақұрылым, яғни аспалы жолдар жүйесін салуға 200 миллиард теңге қажет екені көрсетілген. Шын мәнінде, бұл онша көп қаржы емес. Мысалы, көршілес Қырғызстанда қазір екі халықаралық тау курорты салынып жатыр, және олардың көтергіштеріне 380 миллион доллар бөлінген. Бұл – біздің жобадағы сомадан әлдеқайда көп. Бірақ ең бастысы – бұл инвестициялар тез арада өз-өзін ақтайды. Қазірдің өзінде Медеу мен Шымбұлақ арасындағы аспалы жолмен жылына 1,5 миллионнан астам турист қатынайды. Ал жалпы Шымбұлақ пен Қарағай жыл сайын 2 миллионнан астам туристі қабылдайды, – деп нақтылады сарапшы.

Ол сондай-ақ жобаға кедергі келтіруі мүмкін бірқатар мәселелерге де тоқталды. Негізгі тәуекел – қаржыландыру мен экологиялық белсенділердің қарсылығы болуы мүмкін.

Бірақ меніңше, бұл жобаны жүзеге асыру табиғатқа пайда әкеледі. Қазір адамдардың көбі бір ғана бағытпен – Кіші Алматы шатқалымен – жүреді. Бұл табиғатқа үлкен салмақ түсіріп отыр. Егер біз туристерді басқа шатқалдарға дұрыс бағыттай алсақ, бұл жүктемені азайтар едік, – дейді Кукушкин.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде туристік жоспар дайын. Ол бойынша Алматыға келген әр турист міндетті түрде Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аспалы жолмен көтерілуі тиіс. Егер болашақта осы секілді жолдар барлық шатқалдар арқылы жүргізілсе, табиғаты әсем жерлерге барғысы келетін қазақстандықтар да, шетелдік туристер де көп болады деп сеніммен айтуға болады», – деп қорытындылады Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы.

Фото: Андрей Кукушкиннің жеке архивінен 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

20.05.2025

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

20.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

29.04.2025

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

18.04.2025

Астанада Диснейленд салынбайтын болды

08.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

Астанада Диснейленд салынбайтын болды