Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы – Booking.com бойынша аймақтың ең жылдам дамып жатқан туристік бағыты

Экономика
Алматы – Booking.com бойынша аймақтың ең жылдам дамып жатқан туристік бағыты
Фотолар: © Алматы қаласы әкімдігі

Алматы Орталық Азиядағы ең дамыған мегаполистердің бірі ретіндегі орнын бекіте түсуде. Туризм саласындағы тұрақты өсім қаланың халықаралық деңгейде танымал екенін және туристер үшін тартымдығы артып келе жатқанын көрсетеді. Қала инфрақұрылымын жаңарту, сервис сапасын жақсарту және цифрлық шешімдерді енгізу нәтижесінде Алматыға келушілер саны жыл сайын өсіп келеді.

Қала инфрақұрылымын жаңарту, сервис сапасын жақсарту және цифрлық шешімдерді енгізу нәтижесінде Алматыға келушілер саны жыл сайын өсіп келеді.

2025 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша мегаполиске 1 869 375 адам келген. Бұл былтырғы сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда 8,1% артық. Оның ішінде:

  • 563 мың шетелдік турист — өсім 11%;
  • 1,3 млн ішкі турист — өсім 6,9%.

Шетелдік қонақтар динамикасы

2025 жылдың тоғыз айында Алматыға келушілер арасында келесі елдер көш бастады:

  • Ресей — 124,2 мың адам (+5,7%)
  • Қытай — 102,1 мың адам (+39,2%)
  • Үндістан — 85,6 мың адам (+3,5%)
  • Түркия — 28 670 адам (+9,1%)
  • Корея Республикасы — 18 535 адам (+17,5%)
  • Германия — 12 549 адам (+15,6%)
  • Қырғызстан — 12 356 адам (+18,9%)
  • Өзбекстан — 12 259 адам (+8,9%)
  • Ұлыбритания — 10 143 адам (+7,1%)
  • Италия — 7 637 адам (+28,5%)
  • Сауд Арабиясы — 6 750 адам (+5,2%)
  • Малайзия — 5 773 адам (+16,9%)
  • Франция — 4 688 адам (+25,4%)

Шетелдік қонақтар динамикасы

Шетелдік туристер санының артуы - Алматыдағы туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға және сервистік мүмкіндіктерді жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

 

Алматының халықаралық танылуы

2025 жылы:

  • CNN арнасы Алматыны баруға ұсынылатын үздік бағыттар тізіміне қосты,
  • The Telegraph қаланы «Орталық Азияның інжу-маржаны» деп атады,
  • Booking.com талдауы Алматыны өңірдегі ең жылдам дамып келе жатқан туристік бағыттардың ондығына енгізді.

Алматы туристер үшін қолайлы жағдай жасап, демалыс пен іскерлік саяхаттың жетекші орталығы ретінде өз позициясын нығайтуда.

Алматы туристер үшін қолайлы жағдай жасап, демалыс пен іскерлік саяхаттың жетекші орталығы ретінде өз позициясын нығайтуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу