Елімізде үйдегі зорлық-зомбылықтан күніне 1, жылына 400 әйел өледі

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету стандарттары қабылданды.

Malim Админ

  • 07.07.2023

Көбінесе тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал тәртіп сақшылары келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Мәселен, өткен жылы полицияны 70 мың рет шақырған. Бірақ көбісі арыз жазбаған. Өйткені көп әйелдің барар жері жоқ және қолдап-қорғайтын мамандардың барын білмейді. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекітті.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгіленді. Стандарт бойынша зардап шегуші тәулік бойы немесе күндізгі уақыттарда тұру үшін (6 ай уақыт) келісім-шартпен мемлекеттік немесе жекеменшік ұйымдарға бара алады.

Ол жерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрі қарастырылған.

Әлеуметтік қызметтер: (қысқартылып алынды)

тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қабылдау және орналастыру;

төсек-орынмен, киім-кешекпен және қажетті заттармен қамтамасыз ету,

оңалту, емдеу, оқу, мәдени іс-шараларды өткізу, емдеу-еңбек қызметін ұйымдастыру т.б.

Әлеуметтік-медициналық қызметтер:

алғашқы медициналық тексеру және дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету, емдеудi қажет ететiн қызмет алушыларды емдеуге жатқызуға жәрдемдесу және денсаулық сақтау ұйымдарына алып бару; сотқа медициналық, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу т.б. 

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:

қызмет алушылармен психопрофилактикалық жұмыс; психологиялық кеңес беру; өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақтар өткізу т.б.

Әлеуметтік және білім беру қызметтері:

көрсетілетін қызметті алушылардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, олардың білім алуына жәрдемдесу т.б.

Әлеуметтік-еңбек қызметтері:

қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерделеу бойынша іс-шараларды жүргізу; кәсіптік бағдар беру және кеңес беруде көмек көрсету;

Әлеуметтік-мәдени қызметтер:

үйірме жұмысын ұйымдастыру; қызмет алушыларды қауіпсіздік шараларымен мәдени-демалыс жұмыстарына тарту; туыстарымен, достарымен, мамандармен телефон арқылы сөйлесуін қамтамасыз ету.

Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:

тиісті жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және соған байланысты төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде мүліктік құқықтар, құжаттарды қалпына келтіру, алименттерді өндіру, залалды өтеу, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру; тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тергеп-тексеру, сот ісін жүргізу шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен жәрдемдесу;

Стандартта, егер өтініш беруші тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып табылса, уақытша болу және тұру ұйымы бір жұмыс күні ішінде оның өтінішімен бірге арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға бағалау қағазын жіберетіні көрсетілген.

Егер өтініш беруші тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып табылмаса, оған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуден бас тартылады.

Егер әйелмен емделген кезде кәмелетке толмаған балалары болса, онда уақытша болу және тұру ұйымына қабылдау балалармен бірге жүзеге асырылады. Бұл ретте ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен бірге келген балаларға қызмет бөлек көрсетіледі яғни жеке көмек алушы болып есептеледі.

Қай кезде келісімшарт бұзылады:

ішкі тәртіп ережелерін (үш реттен астам) бұзған, оның ішінде есірткі заттарды, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлікті бүлдіру, құқыққа қарсы әрекеттер жасау; уақытша болу және тұру ұйымының әкiмшiлiгiн хабардар етпей кеткен және үш күннен астам болмаған жағдайда және басқа жәрдем алушылардың негізсіз балағаттау мен айыптау, шарт талаптарын орындамауы жағдайында.

Байланысты жаналықтар

Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

31.03.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

28.03.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

23.03.2025

Семейдегі оқушылар оқиғасы: мектеп директоры қызметінен босатылды

26.02.2025
MalimBlocks
Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. 14 жастағы оқушы бұл туралы мектеп психологына айтып берген

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен

Семейдегі оқушылар оқиғасы: мектеп директоры қызметінен босатылды