Еуропарламент Лукошенконы тұтқындауды сұрады

Еуропарламент Гаагадағы Халықаралық сотқа Лукашенконы тұтқындауға ордер беруді сұрады

Malim Админ

  • 19.07.2023

Еуропарламент Беларусьтегі Лукашенко режимін талқылап, Халықаралық қылмыстық сотты Ресей мен Украина соғысына оның да қатысы бар деген айыппен қамауға ордер беруге шақырды, деп хабарлады ақпараттық агенттіктер.   – Беларусьте Ресеймен қатар Украинаға келтірілген залал мен жасалып жатқан қылмыстарға жауапты. Соның ішінде Украинадан балаларды заңсыз әкету,- деді Еуропарламент депутаттары. Баяндамада адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцидке жауапты беларусь саяси және әскери жетекшілерін жауапқа тартылуын қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚC) Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы 2023 жылдың наурыз айында қамауға алуға ордер берген. Еуропарламент депутаттары ХҚС-ден Александр Лукашенконы да осындай қамауға алу ордерін қарастыруды сұрап отыр. Кеңес сонымен қатар Еуроодақ санкциясына ұшыраған беларусь және ресейлік тұлғалардың тізімін кеңейтуі керек дейді.

БАҚ-тағы мәлеметте 2022 жылдың қыркүйегінен бері алты жастан асқан 2150 украиндық баланы Белорусьтегі лагерьлерге әкелген, биылғы жылдың күзіне қарай олардың саны 3000-ға жетуі мүмкін.

Лагерьлерде украиндық балаларға «орыссыңдар» деп саналарына сіңіріп РФ әнұранын үйретуде. Оларды Украинаға қарсы қойып, қару ұстауды үйретеді, ал мойынсұнбаса, ұрып-соғады. Лагерьдегі барлық іске Лукашенко жауапты. Өйткені ол осы процестерді қаржыландырып отыр деп есептейді «Дағдарысқа қарсы ұлттық басқару» оппозициялық тобының жетекшісі Павел Латушко.

Лукашенко украиндық балаларды Беларуське әкеліп жатқанын жоққа шығармады, бірақ ол балаларды жай ғана «сауықтыру» үшін келді, содан кейін өздері Украинаға оралғысы келмейді деп мәлімдеді.

Еуропарламент Беларусьтің ресейлік режимге бағынуына да алаңдаушылық білдірді. «Беларусьті Мәскеуге шектеусіз саяси, экономикалық, әскери және мәдени бағынышты мемлекетке айналдырғанын, Ресей қолбасшылығымен тактикалық ядролық қаруды орналастырғанына» да ерекше алаңдаушылықпен атап өтті.

 

Байланысты жаналықтар

Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

01.08.2024

Си Цзиньпин Бейжің Қазақстан тұтастығын қорғайтынын екінші рет айтты

03.07.2024

Путин туысы Цивилеваны Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

18.06.2024

Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда ЖСН алды – БАҚ

04.06.2024

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

07.05.2024

Путиннің өкілетті өкілі Қазақстанды Ресей облыстарын су басқаны үшін айыптады

10.04.2024
MalimBlocks
Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

Ресейді Украинадағы жағдайды реттеуге арналған екінші бейбіт саммитке қатысуы тиіс. Себебі, жағдайды реттеуді әлемнің көптеген елдері қолдап отыр. Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский фрациялық журналистерге берген сұқбатында айтты.

Си Цзиньпин Бейжің Қазақстан тұтастығын қорғайтынын екінші рет айтты

Астанада 3-4 шілде күндері Шанхан Ынтымақтастық Ұйымының 24-ші саммиті өтеді. Аталған басқосуға қатысу үшін Астанға ҚХР, Ресей секілді ұйым мүшелерінің басшылары ұшып келді.

Путин туысы Цивилеваны Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

Цивилевтер отбасы – "Колмар" ірі көмір өндіру компаниясының иелері.

Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда ЖСН алды – БАҚ

Барлық мәлімет Қазақстанның Ұлттық куәландыру орталығының онлайн реестрінен және басқа да деректер базаларынан табылғаны айтылады

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

Ол ел Конституциясына қолын қойып, халқына ант берді.

Путиннің өкілетті өкілі Қазақстанды Ресей облыстарын су басқаны үшін айыптады

Оның пікірінше, ағынды сулар реттелсе, Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны мәселесін болдырмауға болады.