«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

Malim Админ

  • 19.02.2020

Бүгін еліміздің бірнеше қаласында  қаржылық пирамидаға миллиондарын салып, алданған салымшылар жиналып, шу шығарды.  «Гарант 24 Ломбард» деп аталатын мекеме жарты жыл бойы тұрғындарға салған ақшаны еселеп қайтарып береміз деп жұмыс істеген. Бірақ соңғы екі күн бойы кеңселерін жауып, ақша беруді тоқтатыпты. Тіпті, кейбірінің басшылары қашып кеткен. Ашынған ақтөбелік салымшылар бүгін  қаржылық ұйымның кеңсесінің астан-кестенін шығарды. Ал Таразда алаяқтарды жазаға тартуды талап еткендер жаппай арызданып жатыр. Атырауда да дәл сондай жағдай.

Шулаған халық үш күннен бері баспанадан бастап миллиондарын сеніп тапсырған адамды таба алмай жүргендерін айтады. Сөздерінше қаржы компаниясы  әр салымшыға үш айдың ішінде салған ақшаларын 35 пайыздық үстемақымен қайтарып береміз деп уәде етіпті.

«Менің алты балам бар. Біраз ақша салдым. Сол үшін тұрмын мына жерде. Күйеуім салды, енем салды. Өзім тек кеше февральда  салдым», – дейді Марал Жасанова. 

Алайда бүгін сан соққан салымшылар қаңырап бос қалған кеңседен  сейфтен басқа ештеңе таба алмай қалды.

«Басшылардың қашып кеткеніне үш күн болды. Үш күннен бері ақшамызды ала алмай жүрміз. Бір күн компьютер істемей қалды деді. Бір күні тағы бір сылтау айтты Ақыры зым-зия жоғалды. Кассада ақша жоқ. Ақшаны алған да кетіп қалған. Болды. Үш күн бойы халық көтеріліп кетпесін деп осылай отырды», – дейді осы ұйымға екі миллион теңгесін салған тұрғын.

Қаржы ұйымы кеңсесінің есігін бүгін полицейлер мен арнайы жасақ бұзып кірді. Сөздерінше тұрғындардан миллиондап ақша жинап алып кеткен қаржы ұйымының басшысының үстінен тексеріс пен іздеу басталған.

«Қазір бұл адамдарды іздестіру жұмыстарын бстап, бәрін анықтап жатырмыз.  Сол адамдарды тапқаннан кейін бәрі белгілі болады. Қазіргі таңда тексеру жүргізудеміз», – деді Ақтөбе қалалық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Зиядин Күнбасов.

Полицейлер дәл қазір елімізде осындай қаржы ұйымдарына миллиондап ақша салып, алданған қанша адамның барын білмейді. Сондықтан, олар тұрғындардан полиция бөлімшелеріне келіп арыздануларын сұрайды.

Жанаргүл Ғафуқызы,

Ақтөбе

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023

"Казфосфат" жұмысшылары ереуілге шықты. Басшылық кешірім сұрады

23.11.2022

Әкімшілік жауапкершілігі, ауа райы әлде адами фактор – Биылғы су тасқандарының себебі

13.04.2022

Айша бибі тұрғындары «Әулие бастауға» алаңдаулы

09.11.2021

Ақтөбеде Аймағамбетовке хат жазғаның үшін сотталып кетуің мүмкін

10.09.2021
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

"Казфосфат" жұмысшылары ереуілге шықты. Басшылық кешірім сұрады

Мекеме басшысы жұмыстан кетті

Әкімшілік жауапкершілігі, ауа райы әлде адами фактор – Биылғы су тасқандарының себебі

Наурыз айында елімізде ауа райының күрт жылуы әсерінен 100-ден аса үй, 6 елді мекен су астында қалды. Аймақтардағы жағдайды баяндап, апаттың себептерін мамандардан сұрап білдік.

Айша бибі тұрғындары «Әулие бастауға» алаңдаулы

«Әулие бастау» бұлағы сатылып кетіпті... Жамбыл облысында осы сөз желдей есіп тұр.

Ақтөбеде Аймағамбетовке хат жазғаның үшін сотталып кетуің мүмкін